14 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 желтоқсанда Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.30-да «Казжол» қонақ үйінде биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі Қазақстан қауымдастығы журналистерді азаматтық қоғамның Қазақстандағы жабайы табиғатты қорғауға әсері туралы брифинг өтеді.

Сағат 10.00-де Суда құтқару стансасы ТЖ комитетінде су қоймаларында адамдардың (балықшылардың) суда қаза болуының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Онда балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттық жадынамалар таратылады.

Сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ақ жол» партиясының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» жалпыұлттық байқауының ақтық кезеңі өтеді.

Сағат 12.00-де «Бәйтерек» монументінде Горький театрларының актерлары қонақтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды.

Сағат 11.00-де қала әкімдігі ғимаратында Жастар жылы аясында жастарға пәтер кілті табыс етіледі.

Сағат 18.30-да «Барыс Арена» аумағында Олимпиаданың қола жүлдегері, көрнекті чемпион Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Біздің құндылықтарымыз - Тәуелсіздік, бейбітшілік және тұрақтылық» атты салтанатты шара өтеді.

Сағат 18.00-де «Алматы арена» мұз сарайында Қазақстанның басты музыкалық марапаты - Eurasia Music Awards (EMA) -ны табыстау рәсімі өтеді. Қазір EMA - бұл елдің басты музыкалық наградасы және экономикалық жағдайға қарамастан жыл сайын үзіліссіз өткізілетін жалғыз сыйлық. Шараға Қазақстан эстрадасының барлық жұлдыздары бір сахнаға жиналады.

Соңғы жаңалықтар