+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

14 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

2015 жылғы 14 желтоқсан 06:50
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2016 жылғы 14 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

14 желтоқсан, сәрсенбі

Балалар телеарнасының халықаралық күні

ЮНИСЕФ-тің ұйымдастыруымен өтеді (БҰҰ Балалар қоры) 1992 жыл).

Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушыларына құрмет көрсету күні

Украина Президентінің 2006 жылғы 10-шы қарашадағы Қаулысымен бекітілген.

Түрікменстанда мұнайгаз өнеркәсібі мен геология қызметкерлері күні Ел президентімен 2010 жылдың қаңтар айында Түрікменстан-Қытай газ құбырының пайдалануға берілуінің 1 жылдығын орай белгіленген.

Маймылдар күні

Маймылдарға арналған бейресми мереке. Маймылдар күнін тойлау дәстүрі 2000 жылы Кейси Сорроу есімді американдық суретші қалжың ретінде досының күнтізбесіне осындай мерекені енгізгенде пайда болған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

26 жыл бұрын (1990) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясы құрылды.

22 жыл бұрын (1994) Алматыдағы Республика алаңында Қазақстанның тәуелсіздігін бейнелейтін болашақ ескерткіштің орнына мәрмәрдан аманат тасын қоюға орай митингі болды.

21 жыл бұрын (1995) республикалық апталық «Целина» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Тираж саны жылма-жыл өсіп келе жатқан басылым бүгінде республиканың солтүстік аймақтарына, Астана қаласына 24 бет көлемінде таралып, көтерілетін мәселелер ауқымын кеңейте түсті. Ауыл еңбеккерлеріне арналған газет соңғы жылдары салауатты өмір салтын орнықтырудың шын мәніндегі жаршысы атанды.

19 жыл бұрын (1997) Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш орнатылды.

17 жыл бұрын (1999) Астана қаласында «Алпамыс батыр» дастанына - 1000 жыл» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

15 жыл бұрын (2001) Президент Н.Ә.Назарбаевқа Ватиканның ең жоғары марапаты - Пии ордені мен осы орден Рыцарының мақтау қағазы тапсырылды. Табыстау құрметіне Қазақстан Республикасының Апостоль нунциясы Марианн Олесь ие болды.

12 жыл бұрын (2004) Оралда Плясунков көшесінде Ермекқали Серікбаев тұрған 103-ші үйде ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылды. Е.Серікбаев (1914-1998) өз заманында Батыс Қазақстан облысы аудандарының бірқатар ұйымдарын басқарған болатын. 1914 жылы желтоқсанның 13-де бұрынғы Тайпақ ауданында дүниеге келген, педтехникумды бітірген соң 1936-1972 жылдар аралығында облыстық білім саласында қызмет еткен, содан соң Тайпақтағы, Шыңғырлаудағы, Теректідегі, Жымпитыдағы, Қазталовтағы партия органдары мен кеңестерін басқарған. Зейнетке шыққан соң облыстық АХАЖ-дың орынбасары болды. Ұлы Отан соғысы жылдары ол батарея комиссарынан бастап полктың партбюро хатшысы қызметтерін атқарған. Ерлігі мен көп жылдық еңбегі үшін екі мәрте Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Еңбектің Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

11 жыл бұрын (2005) Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен жаңа цирк ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

11 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Өтпелі Ислам Республикасы арасында өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың негіздері жөніндегі Келісімді бекіту туралы», «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенцияны бекіту туралы» Заңдарға қол қойды. Президент сондай-ақ міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейтін және оны жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейтін «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңға да қол қойды.

10 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 15 жылдығы қарсаңында Сауд Арабстаны Корольдігіндегі ҚР елшілігінің көмегімен «Фейсал» журналының арнайы нөмірі шықты. Онда «Қазақстан - Орталық Азияның маржаны» атты қос парақты алып жатқан мақала жарияланды. Мақала Қазақстан туралы жалпы ақпарат береді, онда елдің геосаяси жағдайы, жаңа Астананың құрылысы, соңғы жылдары экономика қарқынды дамып отырғаны туралы айтылған, сонымен бірге қазақтардың өзіндік мәдениеті мен көне салт-дәстүрлерін сипаттайды. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты ҚР Президентінің Жолдауына арналған тарау біраз орын алған. Журнал редакциясы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы даму қарқынына тәнті екендіктерін жасырмайды. «Фейсал» журналын 1983 жылы құрылған Фейсал Королі атындағы Зерттеулер мен ислам оқулары орталығы шығарады. Орталықтың штаб-пәтері Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында орналасқан.

8 жыл бұрын (2008) Ақтөбеде қазақ халқының танымал қоғам қайраткері Байбек ұлы Әйтеке би ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысты. Ескерткіш қалалық әкімшіліктің алдындағы алаңда орналасқан. Постаментте Әйтеке бидің бейнесі толығымен граниттен жасалған. Ескерткіштің биіктігі 8 метрге дейін жетеді. Монументтің авторы - мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

7 жыл бұрын (2009) Қарағандыда өнеркәсіптік компьютерлерді құрастыру және сервистік қызмет көрсету жаңа өндірістік желісі ашылды. Жаңа өндіріс германиялық «TREI Gmbh» компаниясының инвестициясы есебінен құрылды. Германиялық «TREI Gmbh» компаниясы нарықта 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2003 жылы Қарағандыда оның өкілдігі ашылды. Содан бері Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындарда 60-тан астам жоба жүзеге асырылды. Өскемен, Павлодар, Ақтау және Атырау қалаларында филиалдар ашылды.

7 жыл бұрын (2009) АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия ісі бойынша орынбасары Роберт Блейк алғаш рет Орталық Азиядағы бас консулдығын Алматыда ресми түрде ашты.

7 жыл бұрын (2009) облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақ Алтайындағы ежелгі көшпелілер мәдениеті» көрмесі ашылған. Бұл көрмеге он бірінші Берел қорығында табылған жылқыларды алғаш рет көрсетті.

6 жыл бұрын (2010) Алматыда 2011 жылғы VII Азиада қысқы ойындары эстафетасының алауы бекітілді.

4 жыл бұрын (2012) Астанада режиссёр Жәкен Дәненовтің «Ер-Төстік және Айдаһар» анимациялық ертегісінің бірінші алдын ала көрсетілімі өтті.

3 жыл бұрын (2012) Шымкентте «Алаш туы астында: Алашорда. Желтоқсан. Тәуелсіздік» атты «Алашорда» ұлттық үкіметінің мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

3 жыл бұрын (2013) «Орал турбина зауыты» ЗАҚ дайындаған Петропавлдық ТЭЦ-2 «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жаңа турбинасының салтанатты ашылуы өтті.

3 жыл бұрын (2013) Қызылорда облысының әкімдігі Фирдоусидің ұлы шығармасы «Шахнама» - 48 дискіден тұратын музыкалық антологиясын көрсетті. Эпопеяның бұл аудионұсқасын 1936 жылы Тұрмағамбет Ізтілеуов қазақ тіліне аударған.

98 жыл бұрын (1918) Ұлыбританиядағы сайлау кезінде алғаш рет жасы 30-дан асқан әйелдер дауыс берді. Ал, еркектер жасы 21-ге толса, дауыс беруге қатысуға құқылы болды.

77 жыл бұрын (1939) Кеңес Одағы Финляндияға соғыс ашқаны үшін әскери басқыншы ретінде Ұлттар лигасының құрамынан шығарылды. 1939-1940 жылдардағы Кеңес-финдік соғыс тарихта Қысқы соғыс деген атпен қалды.

ЕСІМДЕР

77 жыл бұрын (1939-2011) суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ анимациялық киносының негізін салушылардың бірі МҰҚАНОВ Флобер Темірғалиұлы дүниеге келді. Семей қаласында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Москва көркемсурет академиялық театры студиясын бітірген. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» мультфильмдерді шығарушы топта суретші болды. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының суретшісі қызметін атқарған. «Майра» (Ә.Тәжібаев), «Шыңғысхан» (Иран Ғайып), «Абай», «Хан Кене» (М.Әуезов), «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты» (Ғ.Мүсірепов) спектальдерінің сахналық безендіруін жасаған. Пейзаж жанрында өзіндік қолтаңбасы бар суретші ретінде белгілі. Салған шығармалары мемлекеттік және жеке коллекцияларда сақтаулы.

64 жыл бұрын (1952) МҰҚАЖАНОВА Күлжазира Жұмаділдәқызы - ЮНЕСКО-ның AICA Халықаралық суретшілер сыншылар қауымдастығы ұлттық секциясының президенті өмірге келді.

63 жыл бұрын (1953) Тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты ТАЙМАҒАНБЕТОВ Жәкен Қожахметұлы дүниеге келді. Қостанай облысының Қарабалық ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тарих, филология және философия институтының (Новосібір) аспирантурасын бітірген. 1979-1999 жылдары - Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының кіші және аға ғылыми қызметкері, директордың орынбасары. 1999-2008 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті археология және этнология кафедрасының профессоры, тарих факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан мен оған іргелес аймақтардағы палеолит мәселелеріне арналған. 250-ге жуық ғылыми еңбектің, соның ішінде 22 монографияның, жоғары оқу орындары мен мектеп оқулықтарының авторы. Ғылыми ізденістеріне Еуразияның ежелгі мәдениет тарихы, Қазақстан аумағында адамның алғашқы қоныстануы, оның материалдық мәдениеті, ежелгі этникалық байланыстар мен миграция мәселелері кіреді. Ғалым әлемге әйгілі болған Қазақстан аумағындағы ежелгі ескерткіштерді (Қызылтау, Саяқ, Шоқтас, Қошқорған, Ембі, Өзен, т.б.) алғашқы ашушылардың бірі. 1992 жылдан бастап біріккен Казақстан - Ресей кешенді археологиялық экспедициясын басқаруға тікелей ат салысты. Нақты археологиялық мәліметтер негізінде Қазақстан аумағын адам баласы бұдан 1 миллион жыл бұрын мекендегенін дәлелдеді.

46 жыл бұрын (1970) палуан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның он екі дүркін чемпионы МАМЫРОВ Мәулен Сатымбайұлы дүниеге келді. Алматы облысы Қаратал ауданында туған. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. 1989 жылдан Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі. Жастар арасындағы әлем біріншілігінің (Австрия, 1988) қола, КСРО жастар ойындарының (Запорожье, 1989) күміс жүлдегері, КСРО Кубогінің (Тбилиси, 1990) жеңімпазы, КСРО чемпионы (Гомель, 1990), ТМД елдері чемпионатының (Мәскеу, 1992) қола жүлдегері, Азия ойындарының (Хиросима, Жапония, 1994) чемпионы, Азия Кубогі жарысының (Индонезия, 1995), Орта Азия ойындарының (Ташкент, 1995) жеңімпазы, 26-Олимпиадалық ойындардың (АҚШ, Атланта, 1996) қола, Әлем чемпионатының (Красноярск, РФ,1997) қола жүлдегері, Орта Азия ойындарының (Алматы, 1997), Шығыс Азия ойындарының (Пусан, Корея, 1997 және Осака, Жапония, 2001), Азия (Ташкент, 1999) чемпионы болып, бірнеше дүркін Халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған. 1991-2003 жылдары - Талдықорған қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы-жаттықтырушысы. 1997-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Штаттық Ұлттық командалар дирекциясының спортшы-нұсқаушысы. 1996-2004 жылдары - еркін күрестен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының капитаны. 2005-2007 жылдары Алматы облысы еркін және грек-рим күресі федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарған.

І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1970) ҚР-ның Корея Републикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі БАҚЫШЕВ Дулат Хангерейұлы дүниеге келді. Орал қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Yonsei University (1998, Корея) бітірген. 1996-2004 жылдары - ҚР-ның Корея Республикасындағы елшілігінде референт, атташе, үшінші, екінші, біріншы хатшы, елшілік кеңесшісі. 2004-2005 жылдары - ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директорының орынбасары. 2005-2006 жылдары - БҰҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілдігінің кеңесшісі. 2006-2008 жылдары - ҚР-ның Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2008-2010 жылдары - АӨІСШК хатшылығының атқарушы директоры. 2010-2012 жылдары - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы қаңтардан бері.

512 жыл бұрын (1503-1566) француз дәрігері, жұлдызшы НОСТРАДАМУС (Мишель де Нотрдам)(Nostradamus, Michel de Notredame, Nostredame) дүниеге келді. Францияның Сен-Реми қаласында туған. Монпелье университетін бітірген. Өзінің дәрігерлік қызметін жұқпалы аурулармен күреске арнаған Нострадамус Францияның көптеген қалаларында халықты ауыр дерттен емдеп, бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Ол медициналық тәжірибені магия, астрология және басқа да окульттік ғылымдарды зерттеумен ұштастырып, болмыс құпиясын танып-білуге тырысты. 1550 жылдан ай сайынғы болжаулар альманағын шығара бастады. Оның проза түрінде жазылған екі жолдаудан (баласы Цезарь Нострадамусқа және Франция королі ІІ Генрихке арналған) және шамамен 970 өлең жолдарынан тұратын «Центурия» атты шығармасы 16 ғасырдан бастап адамзатты болашақта күтіп тұрған оқиғалар мен құбылыстарды болжауға арналған. Нострадамус адамзаттың басына түскен апаттар мен ауырпалықтардан құтылу мүмкін болмаса да, оларға еріксіз тартылған адам өз бойында ержүрек пен сабырлылықты тәрбиелеуі керек деп есептеді. Адам баласы ерте ме, кеш пе, басында жазылмайтын деп есептелген ауруларға қарсы дәрі табады, тарих белгілі бір ырғақты, бір ізділікпен қайталанып отырады деген көзқараста болған Нострадамус болашақ әлемде техникалық жетістіктер мен ғылыми ашылымдардың орын алатынын, астрономияның ғылым ретінде дамитынын дәл болжап берді. Сондай-ақ, жоғары дамыған техникалық өркениеттің мәңгілік серігі құлдыраған монархиялар, төңкерістер мен соғыстар болатынын да алдын ала болжай білді.

133 жыл бұрын (1883-1969) айкидоны жасаушы Уэсиба МОРИХЕЙ дүниеге келді.

103 жыл бұрын (1914) неміс саясаткері, Германияның тоғызыншы президенті (ГФР-дың бесінші президенті) Карл КАРСТЕНС дүниеге келді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT