+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

14 наурыз күні өтетін маңызды шараларға шолу

2020 жылғы 13 наурыз 20:16
Бөлісіңіз:
14 наурыз күні өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 14 наурыз күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10:00-ден бастап Р.Қошқарбаев көшесі 37/1 үйдегі «Аспан базар» сауда орталығында Павлодар, Екібастұз қалалары мен Май ауданының ауылшаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке 15 наурызда да жалғасады.


КӨКШЕТАУ

Сағат 09.00-де Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында Ақкөл, Астрахан, Ерейментау, Егіндікөл, Зеренді, Жақсы, Шортанды аудандары және Көкшетау қаласы ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі.


АҚТӨБЕ

Сағат 09.00-ден бастап Ақтөбеде және аудандарда ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталады. Онда азық-түлік бағасы нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен болады.


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 9;00-де 19:00-ге дейін Полиция бөлімшелерінің фронт кеңселерінде, стационарлық бекеттерде, Nur Otan партиясының облыстық филиалының қабылдау бөлімінде тәртіп сақшылары тұрғындарға консультация береді. Облыс аумағында «Жолда және аулаларда қабылдау» республикалық акциясының кезекті кезеңі өткізіледі.


ПАВЛОДАР

Сағат 11.00-де Павлодар облысының әкімі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын тексереді. Әбілқайыр Сқақов байланыс орталығының кеңсесіне барып, онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және павлодарлық ортаны жақсарту мәселелері бойынша ұысынстар айтылады. Аймақ басшысы бірыңғай байланыс орталығына барады. Облыс әкіміне 109 байланыс орталығының жұмысының нәтижелері туралы ақпарат беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT