+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

14 мамыр. Туған күн иелері

2020 жылғы 14 мамыр 08:10
Бөлісіңіз:
14 мамыр. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 14 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

79 жыл бұрын (1941) белгілі актер, Қазақстан Республикасының халық әртісі, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржұман Байжұманұлы ЫҚТЫМБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Кербұлақ ауданында туған. Алматы музыка училищесін, Панфилов педагогикалық училищесін және «Қазақфильм» студиясы жанындағы актерлік студияны бітірген, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған. Кинодағы мансабы кездейсоқ басталған. Болашақ киноактердің ауылына келген «Мазасыз таң» фильмінің түсіру тобы оны фильмге түсіруге шақырады. 1968 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының актері.

Актер кинода әрқилы болмысты, мінезді кейіпкерлер бейнесін жасады, мысалы, «Адамдар арасындағы бөлтіріктегі» тұйық, қатаң мінезді, «Сталинге сыйлықтағы» жұмсақ мінезді, бірақ бірбеткей, ал «Барлаушыдағы» қарапайым, шығысқа тән даналық көрінетін кейіпкерлер, тағы басқалар. Актердің соңғы жұмыстарынан француз актері Ж. Депардьемен бірлесіп түскен «Кеш оянған махаббат» фильмін атауға болады. Актер анимациялық ленталарды дыбыстауға да қатысады («Қадырдың бақыты», 2000).

2007 жылы «Жол қараушы» фильміндегі ролі үшін «Адал жүрек» кинофестивалінде Бас жүлдені, 2009 жылы «Шәкен жұлдыздары» фестивалінің ең үздік актері, 2009 жылы Чебоксарыдағы МКФ - «Сталинге сыйлық», «ең үздік ер адам ролі үшін» сыйлығын, Қасым ролі үшін Бүкіламерикалық өнерді қолдау қауымдастығының арнайы жүлдесіне («Сталинге сыйлық») ие болған.

64 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ақмола облысынан сайланған депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Дәурен Зекенұлы ӘДІЛБЕКОВ дүниеге келді.

Новосібір электротехникалық институтын, Мәскеудің халық шаруашылығы академиясын бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Семей облысы Үржар ауданы «Бахты» кеңшарында бастаған. Кейіннен Алматы қаласындағы №1 Троллейбус паркінде шебер, аға шебер, цех бастығы, Трамвай депосының бас инженері, директоры болған. 1989-1992 жылдары - Алматы қаласы Совет аудандық атқару кеңесі төрағасының орынбасары. 1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Совет аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. 1995-1997 жылдары - Қазақстанның кәсіпкерлікті дамыту және қолдау орталығы бас директорының бірінші орынбасары. 1997-1998 жылдары - Көкшетау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Сараптама-талдау бөлімінің сектор меңгерушісі. 1998-2004 жылдары - Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Көкшетау қаласының әкімі. 2004-2005 жылдары - Ақмола облысы әкімінің орынбасары. 2005-2006 жылдары - Көкшетау экономика және менеджмент институты кафедрасының профессоры. 2006-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Темір жол жылу» акционерлік қоғамының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл департаменті бастығының міндеті атқарушысы, Көкшетау экономика және менеджмент институты кафедрасының профессоры қызметтерін атқарған. 2008-2017 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2017 жылдан бастап.

«Құрмет» орденімен, «Астана» медалімен марапатталған.

58 жыл бұрын (1962)«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры,композитор, әнші Жеңіс СЕЙДУЛЛАҰЛЫ дүниеге келген.

Қызылорда облысында туған.

Еңбек жолы: 1984-1987 жылдары - «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің оркестр әртісі; 1989-1994 жылдары - Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония оркестрінің әртісі; 1994-1997 жылдары - «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің бас дирижері; 1998-2004 жылдары - Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі және ұйымдастырушысы; 2005 жылы - «Отан» Республикалық саяси партиясының Орталық аппаратында «Идеология» бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 2006-2013 жылдары - «Қазақ әуендері» АҚ филиалы «Гүлдер» ансамблінің директоры; 2013 жылы - «Қазақ әуендері» АҚ Алматы қаласындағы Аймақтық директоры; 2013-2014 жылдары - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында шығармашылық жұмыстар және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры; 2014 жылы - «Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директоры; 2016-2018 жылдары - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. 2018 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры болып еңбек етуде.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006), «Құрмет» орденінің иегері (2015). «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» (2007), «Алматы облысы Қаратал ауданының құрметті азаматы» (2015). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Астана 20 жыл» (2018) мерекелік медальдарымен марапатталған.

55 жыл бұрын (1965) Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Райылұлы ӘБДІРАЙЫМОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Луговой ауданы Луговой ауылында туған. 1990 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын, 2003 жылы «Тұран» университетін бітерген. Мамандығы - құрылыс-инженері және заңгер.

Еңбек жолын 1987 Жамбыл облысы Луговой ауданы Луговой ауылындағы «Восток» ұжымшары құрылыс учаскесінің шебері ретінде бастаған. 1991 – 1993 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы шаруашылық есеп айырысу-жобалау өндірістік сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы; 1993 – 1995 жылдары «Алрай» шаруа қожалығының төрағасы; 1995 – 1998 жылдары «Альтаир ЛТД» ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры; 1998 – 1999 жылдары Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялаудың Алматы қалалық мемлекеттік орталығының штаттан тыс сарапшысы; 1999 – 2000 жылдары Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялаудың Алматы қалалық мемлекеттік орталығы техникалық аудит бөлімінің бас маманы, бастығы; 2000 – 2002 жылдары Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялаудың Алматы облыстық мемлекеттік орталығының директоры; 2002 – 2003 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы – бас мемлекеттік құрылыс инспекторы; 2003 – жылы Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары – Астана қаласы бойынша бас мемлекеттік құрылыс инспекторы; 2003 – 2005 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекцилау және лицензиялау басқармасының бастығы - бас мемлекеттік құрылыс инспекторы; 2005 – 2009 жылдары Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы - бас мемлекеттік құрылыс инспекторы; 2009 – жылы Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті басқармасының бастығы - мемлекеттік құрылыс инспекторы; 2009 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаментінің директоры-мемлекеттік құрылыс инспекторы; 2013 – 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары; 2014 – жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары; 2014 – 2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы; 2015 – 2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары; 2017 – 2018 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары; 2018 – 2019 жылдары Тараз қаласының әкімі.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы Талдықорған қаласының әкімі.

37 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Амангелдіұлы ӘБІШЕВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. Қызылорда мемлекеттік университетін, ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша (2004) бітірді; Әулие Ата университеті (2005); Андонг Ұлттық университеті (магистратура, докторантура, Оңтүстік Корея), Ақпараттық және коммуникациялық техника (2006, 2010).

Еңбек жолы: «Казвторчермет» ААҚ оператор-бағдарламашы, Қызылорда қаласы (2000-2004); Қызылорда облысындағы «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық технологиялар департаментінің директоры (06.2004-08.2004); Man & Tel LTD компаниясында игеруші инженер, Гуми қаласы, Оңтүстік Корея (2006-2007); Университеттің аймақтық инновациялар бойынша ассистенті (NURI) (2004-2009); «Қазагромаркетинг» АҚ Басқарушы директоры (04.2010-08.2010); «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ұтқыр дифференциалды станциясының бастығы (2010-2011); «Электрондық үкімет» АҚ Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы (2011-2012) құзыреттілігі орталығының бас талдаушысы; «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жанындағы «Демеу-УМХ» ЖШС ақпараттық технологиялар департаментінің директоры (03.2012-11.2012); «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ әкімшілік департаментінің директоры (2012-2013); «Ақпараттық жүйелер» консультанты, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ (2013-2014); «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-ның алдыңғы қатарлы технологиялар және инновациялар департаментінің директоры (2013-2015); «Астана Innovations» АҚ басқарушы директоры (03.2015-08-2015); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Электрондық денсаулық сақтаудың республикалық орталығы» РМҚК бас директорының орынбасары (2015-2017); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Электрондық денсаулық сақтаудың республикалық орталығы» РМҚК бас директорының м.а. (02.2017-09.2017); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Электрондық денсаулық сақтаудың республикалық орталығы» РМК-ның бас директоры (2017-2018).

2018 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT