+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

14 мамыр. ҚазАқпарат: Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

2020 жылғы 14 мамыр 07:00
Бөлісіңіз:
14 мамыр. ҚазАқпарат: Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарға 2020 жылғы 14 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1869 жылы Ақтөбе қаласының іргетасы қаланды. 1869 жылдың 28 мамырында (ескіше қазақ күнтізбесі) басталған. Бұл күні «Ақ төбе» деп аталған әскери бекінісінің негізі қаланған. 1999 жылдың наурызында өзінің «Ақтөбе» деген тарихи атауына ие болған қала советтік кезеңде Актюбинск деп аталды.

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысына қатысты. Кездесуде Декларация қабылдап, интеграция жолымен, тауар, капитал және қызметтердің еркін қозғалысы үшін ортақ нарық құруға ұмтылыстарын білдірді.

2009 жылы Киев қалалық кеңесінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы шешімімен Шевченко ауданындағы Кузьминская көшесіне қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. 2009 жылғы 8 мамырда осы көшеде Жамбыл Жабаевтың мемориалдық тақтасы салтанатпен ашылды.

2013 жылы Женевада «Ақпараттық қоғам» мәселелері жөніндегі Бүкіләлемдік кездесу форумы шеңберінде өткізілген WSISProjectPrizes 2013 халықаралық конкурсының нәтижелері жарияланды. Қазақстанның электрондық лицензиялау жүйесі (www.elicense.kz) «E-Business» санатындағы ең үздік жоба атанды. Конкурсқа барлығы 64 елден 280-тен астам жоба қатысты.

2014 жылы Астана қаласындағы Ұлттық музей жаңа құнды экспонаттармен толықты. ХVII ғасырдағы Хан туының элементі, Төле бидің қалпына келтірілген шапаны және мұражайға Еуразия өркениетінің көзі ретінде Ботай мәдениетінің сенсациялық археологиялық қазыналары сыйға тартылды. Мұражайдың соңғы экспонаттарын белгілі қазақстандық археолог Виктор Зайберт берді.

2015 жылы Швейцариядағы Frank Muller мануфактурасы Қазақстан гербі бейнеленген сағат шығарды.

2016 жылы Кельнде еуропалық қазақтар қауымдастығы мен Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Еуропа қазақтарының дәстүрлі кіші құрылтайы өтті. Онда Германиядан, Ұлыбританиядан, Франциядан, Венгриядан, Австриядан, Швейцариядан, Швециядан, Даниядан, Норвегиядан, Нидерландыдан, Түркиядан, сондай-ақ АҚШ-тан келген екі мыңға жуық этникалық диаспоралардың өкілдері жиналды.

2018 жылы Ресей, Қазақстан, Германия, Польша және Қытайдың бірлескен кинотуындысы - «Айка» фильмі 71-ші халықаралық Канн кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдаламасына енді. Бұл фильмде басты рөлді Канн кинофестивалінің «Үздік актриса» аталымының жеңімпазы Самал Еслямова сомдады.

2019 жылы Жамбыл облысындағы тауларда жазушы Шерхан Мұртаза атындағы шың пайда болды. Меркі шатқалында альпинизмнен облыстық ашық тау фестивалі өткізілген болатын. Осы уақытқа дейін шың атаусыз келген еді, оны Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның құрметіне атады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT