14 қыркүйектегі Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін аса маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Отырыстың күн тәртібінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылғы қаңтар-тамыздағы Республикалық бюджеттің атқарылуы, 2021-2022 жылдарға арналған жылу беру кезеңіне дайындық барысы қаралады.

Тікелей көрсетілім PrimeMinister.kz сайты мен Mail.KZ, Aitube.kz порталдарында, YouTube ресми каналында және Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде беріледі.

Сағат 12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

Сағат 15.00-де «Сарыарқа» ауданының әкімдігінде елордалық үкіметтік емес ұйым өкілдері Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылайды.


Соңғы жаңалықтар