14-16 шілде аралығында еліміздің барлық аймағында күн ыстық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 14-16 шілде аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстанның барлық дерлік өңірінде құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.

Бұл - Иран мен Ирак аймақтарынан келген ыстық ауаға байланысты.

Республиканың батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады. Найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар