134 ауған әскері Тәжікстан шекарасына өтіп, бас сауғалауға мәжбүр болды

None
None
ДУШАНБЕ. Ховар-ҚазАқпарат – «Талибан» қарулы тобы (Тәжікстанда тыйым салынған) Ауғанстанның Кундуз провинциясындағы Шерхон-Бандар шекара комиссариатына шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ховар агенттігіне сілтеме жасап.

Ховарға келіп түскен Тәжікстан Республикасы ҰҚК Шекара әскері баспасөз орталығының мәлімдемесінде осылай делінген:

«22 маусым күні сағат 09.00-ге дейін созылған қарулы қақтығыстың салдарынан АИР үкімет әскерінің 134 әскери қызметшісі Тәжікстан Республикасының аумағына «Пяндж» шекара жасағының 3-ші және 4-ші заставалары арқылы шегінуге мәжбүр болды.

Тәжікстан шекарашылары гуманизм мен тату көршілік принциптерін басшылыққа ала отырып, мемлекеттік шекарадан өткен ауған әскери күштеріне Тәжікстан аумағына кедергісіз кіруге рұқсат берді.

АИР әскери қызметшілерінің арасында 4 адам жараланып, 1 адам қаза тапты.

ТР мен АИР арасындағы шекарадағы жағдай шиеленісті деп бағаланып отыр. Шерхон-Бандар аумағында жараланған, өлтірілген және тұтқынға алынған ауған әскерлерінің жалпы саны 100-ге жуық.

Расталған ақпаратқа сәйкес, соңғы он күнде Тәжікстанмен шектесетін ИИР-дың төрт провинциясында үкімет күштері мен «Талибан» қозғалысы арасында қақтығыстар болып жатыр.

Сол себепті Чахеб, Янги Калха, Даркад, Дашти Кала, Тахор провинциясының Ходжагор уездері, Дашти Арчи, Имом Сохиб және Кундуз провинциясының Калаи Зол уездері, сондай-ақ Шерхон-Бандар мен Кокул өткізу пункттері талибтерді бақылауға алды.


Соңғы жаңалықтар