13 жасар өгей қызын зорлап келген атыраулық сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 13 жасар өгей қызын зорлап келген азамат 15 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, айыпталушы жеті ай бойы өзінің өгей қызын зорлап келген. Сотталушы мен жәбірленушінің анасы заңды некеде тұрғаны және 13 жасар қыз бала әйелдің бірінші некеден туған қызы екені анықталды. Өгей әкесі оған өз тегін беріп, заң жүзінде асырап алған. Олардың осы некеден ортақ тағы екі қызы бар. Сотталушы әйелінің үйде жоқтығын пайдаланып, өгей қызына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Жәбірленуші әкесінен қорқып, оның іс-әрекеттері туралы ешкімге айтпаған. Мұның бәрі тек қыз жүкті болып қалғаннан кейін белгілі болған. Сөйтіп анасы дереу полицияға шағым түсірген», - деді облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.


Авторы А. Соколов


Соңғы жаңалықтар