13 тамызда үш қалада ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 13 тамыз күнгі еліміз қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«13 тамызда ауа сапасы 3 қалада –Балқаш, Шымкент және Теміртауда нашарлайтыны күтілуде», - делінген хабарламада. Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар