13 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 13 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыру» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер – Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев. Брифинг Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook -тегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.

16.00-де Мәңгілік ел даңғылы, 35-үйде орналасқан «Триумфальная арка» ТК іргелес аумағы мен үй-жайларын су басу мәселесіне қатысты елорданың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ақпараттық қауіпсіздік және жеке деректерді қорғау» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов, ақпараттық қауіпсіздік комитетінің дербес деректерді қорғау басқармасының басшысы Әсем Мәденова, «WebTotem» ЖШС директоры Олжас Сәтиев. Көрсетілім сілтемелері: youtube , facebook.


Соңғы жаңалықтар