13 қазан күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де А. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қ.Қ. Айтуғановтың партия басшылығымен және мүшелерімен «Ауылдық аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың жай-күйі және оларды теңгерімді дамытудың перспективалары» тақырыбында кездесуі өтеді.

10.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жеке қосалқы шаруашылықтарда құстардың қырылуын тоқтату және өтемақы төлеудің басталуы туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов, ҚР АШМ ветеринарлық, фитосанитарлық және азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Гүлжан Нұртазина.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Мейірімділік керуені - 2020» III республикалық байқауын жүзеге асыру» тақырыбында онлайн баспасөз мәслихаты өтеді. Тікелей эфир Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-парақшасында ұйымдастырылады.

11.00-де Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жанында елордадағы интернет-алаяқтықтың жаңа түрлеріне қатысты брифинг өтеді.

15.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша» Заң жобасын түсіндіру бойынша баспасөз конференциясы өтеді.


Соңғы жаңалықтар