13 ақпанда Өскемен қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 13 ақпан күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. .

Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 13 ақпан күні Өскемен қаласында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.

Қазақстанның өзге қалаларында ауа сапасы бірқалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Соңғы жаңалықтар