12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - ТЖК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет еліміздің 12 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан, Алматы облыстарының таулы аудандарында және Алматы қаласына іргелес аумақтарда тау бөктерлерінде жауынға байланысты ағыс күшейіп, өзендердегі судың деңгейі көтерілуі ықтимал.

19 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, оңтүстік, оңтүстік-батыс жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.

19 мамырда Алматы қаласында найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 13 метрге жетеді.

19 мамырда Шымкент қаласында найзағай ойнайды, дауыл соғады.

19 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында қатты нөсер, бұршақ жауады, найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.

Атырау облысында найзағай, дауыл, бұршақ, желдің екпіні секундына 15-20 метр.

19 мамырда Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ауысып, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысында қатты нөсер, найзағай, тұман, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады, желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр-бұршақ жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, тұман түсуі мүмкін, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз секундына 25 метр.

19 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде нөсер-бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға ауа райының күрт құбылуын назардан шығармауды сұрайды. Дауылды ескерту туралы хабарламаға құлақ асып, қажетті сақтық жасау керек. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге дейіңн күшейеді. Елді мекендерде қауіпсіздік техникасының басты ережесін ұстану керек. Шағын қалалар мен мегаполистерде дауыл кезінде зардап шегу ықтималдығы жоғары болады.

Қатты дауыл соққанда үйдегі барлық терезе тығыз жабылуы тиіс. Толық жабылмаған балкон мен лоджиядан қатты жел кезінде сыртқа үшып кетуі мүмкін барлық затты (құмыра, жәшік, шөлмек және т.б.) алып тастау керек. Тұрғын үй бұрышындағы балкондарда дауыл кезіндегі рамасымен бірге ескі терезесі ұшып кеткен жағдай кездеседі. Көшеде дауыл тұрған кезде жарнама қалқандары (және басқа да аспалы құрылымдар), автобус аялдамасы, электр бағанасы мен желісі, сондай-ақ ағаштардан барынша алыс тұрыңыз. Айналаңызға сақ болыңыз, үстіге құлап кетуі мүмкін заттардан алшақ болуыңыз. Үзілген сымдар мен құлайтын заттарға (ағаштарға) жақындауға болмайды.

«Қатты жел соқса ол тыйылғанша жақын маңдағы ғимаратта немесе табиғи ықтасынға жасырыну қажет. Үлкен ағаштың, әсіресе теректің астына көлік қоюға болмайды, өйткені ағаш немесе оның ірі бұтағы құлап басып қалуы мүмкін. Шіріген және кәрі, сондай-ақ жалғыз тұрған ағаштар да өте қауіпті. Үйден шықпаңыздар, жақындарыңызды қорғаңыздар», делінген ескертуде.


Соңғы жаңалықтар