12 наурызда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 наурыз күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Сағат 10.00-де Сенатта «Полицияның сервистік моделін заңнамалық қамтамасыз ету және ҚР ІІМ-ін бейінді емес функциялардан босату» тақырыбындағы Үкімет сағаты өтеді. Үкімет сағаты палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

Сағат 10.00-де Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің конференц-залында (Министрліктер үйі, 2 кіреберіс) Қазақстан Республикасындағы аңшылық қызметті цифрландыру платформасының тұсаукесері өтеді. (HFT.kz).

Сағат 10.00-де Rixos President Astana-да Республикалық

Қайталама металлургия өнеркәсіпшілері республикалық одағы Қазақстандағы сынықтарды экспорттауға тыйым салуды талқылауға арналған баспасөз брифингін өткізеді.

Сағат 11.00-де «Достық Үйінде» «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

Сағат 12.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымының ашылуына қатысты баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: Марокконың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абделжалил САУБРИ, Бельгияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алекси де КРОМБРЮГХЕ де ПИКЕНДАЛЬ, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье КАНЕСС, Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николя БРУССО, Швейцарияның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігінің Уақытша Сенімді Өкілі және Басшысы Штефан КЛЕЦЛИ. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

Сағат 14.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде : «COVID-19 қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері және негізгі ұсыныстар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: «Онкология және радиология ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма төрайымы, м.ғ.д, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Академигі, Қазақстан онкологтар қауымдастығының төрайымы Қайдарова Диляра Радикқызы, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Қуатбаева Айнагүл Мұқанқызы, м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ералиева Ляззат Тасболатқызы, ҚР ДСМ дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Гуляев Александр Евгеньевич. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

Сағат 14.30-да «Сарыарқа» спорт кешенінде Х Қысқы қазақстан оқушылар гимназиадасының қорытынды марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 15.00-де Оқушылар сарайында «Елбасы медалі» жобасының қатысушылары марапатталады.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елбасы кітапханасы мен Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қазақстан мақтаныштары» атты бірлескен жобасы аясында еліміздің спорт жұлдыздарымен кездесу өтеді. Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы.

Сағат 16.00-де Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Бөкейхан к-сі, 1А) Серік Сәпиев, Юрий Мельниченко, Илья Ильин, Гюзель Манюрова, Болат Жұмаділов, Мұхтархан Ділдәбеков, Әлия Юсупова, Василий Левит, Дархан Нортаев, Мөлдір Мекенбаева, Бейбіт Ыстыбаев, Сергей Цырульников, Қазақстан байкерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Петрухин сынды спорт саңлақтары мен олардың шәкірттерінің қатысуымен «Қазақстан мақтанышы» спорт-ревюі өтеді.


Соңғы жаңалықтар