12 қазан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 12 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

83 жыл бұрын (1938-2014) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы, монументші-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шәкен Оңласынұлы НИЯЗБЕКОВ дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. Санкт-Петербург көркем өнеркәсіп институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1963-1966 жылдары – Санкт-Петербургтағы Электр пісіру жабдықтарының бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының суретші-конструкторы. 1966-1968 жылдары – Қазақ КСР халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің суретшісі. 1969-1982 жылдары – Алматы қаласының бас суретшісі. 1982-1987 жылдары – Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы. 1983-1984 жылдары – КСРО Суретшілер одағының хатшысы.

Ол «Абай», «Музыка сазы», «Аңшылық», «Құрманғазы», «Кісен ашқан», «Әли Батыр», «Сырым Датов» және басқа да алюминийге, мысқа, жезге бедерленген монументтік туындылардың, Қазақстан Республикасы Туының, Алматы қаласы таңбасының авторы. Техника ғылымының докторы В. Зайчикпен бірлесіп жасаған пісіргіш машинасы Монреальдағы дүниежүзілік көрмеде көрсетілді.

«Глобус» телевизорының көркемдік-конструкторлық сапасы үшін 1965 жылы Чехословакияда өткен халықаралық конкурста 1-ші дәрежелі сыйлық берілді. «Құрмет» орденімен, 1998 жылы «Астана» медалімен, 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі және т.б мемлекеттік марапаттармен марапатталған.

47 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Қалдыбекұлы ДАНБАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтының Есептеуіш машиналар, кешендер, жүйелер мен желілер мамандығын бітірген (1998).

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының жылжымалы мүлкін импорттық-экспорттық бақылау бөлімінің бас маманы (1999-2001); Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағын басқару бөлімінің аталмыш бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы (2001-2002); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Аэроғарыш комитеті жылжымалы мүлікті әкелу-әкету жөніндегі сараптама бөлімінің басшысы (2002-2006); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы бөлімінің басшысы (2006-2008); Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы департаментінің директоры (2008-2014 жж.); Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы бөлімінің бастығы (2014-2015 жж.); Алматыдағы коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді (2015-2016); Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы (2016-2017); Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары (2017-2019).

2019 жылғы сәуір айынан бері қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар