119 су арнасы цифрландырылып, 39 су қоймасы салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2030 жылға дейін елімізде апаттық жағдайда тұрған 29 су қоймасы күрделі жөндеуден өтіп, 39 жаңа су қоймасы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы халық алдында есептік кездесуінда Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты,

«Мемлекет басшысы суармалы жер көлемін бүгінгі 1,6 млн гектардан 2030 жылға қарай 3 млн гектарға дейін ұлғайтуды тапсырған. Былтыр 813 шақырым канал жөнделіп, 53,5 мың гектар суармалы жер айналымға енгізілді. Бұл қосымша 26 мың жұмыс орнын құруға және ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін жыл сайын 30 млрд теңгеден астам сомаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Биыл суармалы жер 78 мың гектарға артады», - деді ведомство басшысы.

Министрдің сөзіне қарағанда 2025 жылға дейін суармалы жерлердің ауданын 2,2 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланған. Ол үшін алдағы 5 жыл ішінде жалпы ұзындығы 4,5 мың шақырымнан асатын арналарды қайта жаңарту қажет.

«Бұл ауылды жерде 120 мың жұмыс орнын құруға және жыл сайын 510 млрд теңгенің өнімін өсіруге ықпал етеді. Бұдан басқа, 41 апатты су қоймаларын қалпына келтіру көзделген. Оның ішінде 2017-2019 жылдары он 10 объект пайдалануға берілді. Өткен жылы екі объект дайын болды. Биыл сегіз нысанды аяқтау жоспарлануда. Қалған жиырма бір 21 нысан 2025 жылға дейін іске асырылады», - дейді Мазұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар