+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

11 желтоқсаннан бастап Қызылорда облысында карантин талаптары жеңілдетіледі

2020 жылғы 9 желтоқсан 00:08
Бөлісіңіз:
11 желтоқсаннан бастап Қызылорда облысында карантин талаптары жеңілдетіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында карантин талаптары жеңілдетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8 желтоқсанда Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова жаңа қаулыға қол қойды. Онда 31 қазандағы № 25 қаулыға өзгерістер енгізілген. Қаулы 11 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Өзгерістерге сай енді сауда үйлері жексенбі және мереке күндері жұмыс жасайтын болды. Оған бұдан бұрын тыйым салынған болатын.

«Жаңа қаулы бойынша сауда үйлері енді кешкі сағат 23.00-ге дейін жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Мұндай орындар бұрын жұмысын аталған уақыттан бір сағат ерте аяқтайтын. Бұл жөнінде кәсіпкерлер мәселе көтерді. Оны жергілікті Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып талқылаған еді. Осылайша аталған мәселе оң шешімін тапты», - деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Оның айтуынша, енді кинотеатрлар жексенбі және мереке күндері де жұмыс жасайды. Кинотеатрларға бұдан бұрын демалыс күндерде жұмыс жасауға тыйым салынған болатын.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада соңғы он күнде үш оқушы коронавирус жұқтырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT