11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 11 желтоқсан күні елордада және Алматы қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де «Zооm» платформасында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтеді.

Сағат 11.00-де Халықаралық Түркі академиясы өзінің 10 жылдық мерейтойына және жыл қорытындысына байланысты еліміздегі белгілі БАҚ өкілдерімен кездесу жиынын өткізеді.

Сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирус инфекциясына қатысты ахуалға және мониторингілік топтар жұмысына арналған онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Пірәлиева Жанна – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері; Жакин Ғосман – Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметiнiң бастығы. Онлайн шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-тағы ресми парақшасында көруге болады.

Сағат 14.00-де ЕАЭО Мемлекеттер басшылары отырысының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Ия Малкинаның брифингі өтеді.Брифинг ЕЭК-тің Facebook-парақшасында тікелей көрсетіледі.

АЛМАТЫ

Сағат 12.00-де «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға арналған онлайн брифинг өтеді. Спикер – «Алматы қаласын дамыту орталығы» Қоғамдық коммуникация департаментінің директоры Әлия Жақсалықова.

Сағат 14.00-де Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты COVID-19-дың алдын алу ұсыныстарына арналған онлайн-интервью өтеді. Спикер – Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.


Соңғы жаңалықтар