11 сәуірде Қазақстанға шет мемлекеттерден 4 мыңнан астам адам келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Шри-Ланка, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді.

4 020 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 010 адам, анықтамасыз 10 ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 600 жолаушы, анықтамамен - 2 590, анықтамасыз - 10;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, барлық 1 074 жолаушы анықтамамен келген;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 346 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 10 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша анықтамасыз келген 28 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.


Соңғы жаңалықтар