+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

11 наурызда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылғы 10 наурыз 20:20
Бөлісіңіз:
11 наурызда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 11 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2021 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, білім беру жүйесін жетілдіру қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

Сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына арналған «Көктем симфониясы» атты ұлттық кәдесыйлар, кескіндеме және қолөнер бұйымдары көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Бейбітшілік және Келісім Сарайында «ҮМІТ ТАСПАСЫ» көрмесі өтеді. Көрме 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған және оған әртүрлі бағыттағы суретшілердің жұмыстары қойылады. Көрменің мақсаты - сүт безі қатерлі ісігін бақылау бағдарламасына қоғам назарын аудару.

12.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Жанар-жағармай нарығындағы соңғы өзгерістер туралы»

баспасөз конференция өтеді. Спикерлер: ҚР Энергетика вице-министрі Мағауов Әсет Маратұлы, газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры Сарсекеев Қуаныш Мейірбекұлы, газ және мұнай-газ химиясы департаменті директорының орынбасары Әбілхаиров Дәурен Тұрғанбайұлы, мұнай-газ саласының сарапшысы Байдилдинов Олжас Хаджимұратұлы, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мұнай және газ басқармасының басшысы Баспақов Бахтияр Бейсенғалиұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

АЛМАТЫ

Сағат 16.00-де Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және квазимемлекеттік және жеке секторларда комплаенс-қызметтерді енгізу мәселелері бойынша кеңес өтеді. Шара Zoom платформасында болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT