11 маусымда «Ақ жол» газеті материалдар жинағының тұсаукесері өтеді

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 маусым күні Ұлттық кітапханада «Ақ жол» газеті материалдар жинағының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 томдық «Ақ жол» жинағы «Әлеуметтік маңызды әдебиет» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында жарық көрді.

Жинақ қоғам қайраткері, ақын, «Ақ жол» партиясының мүшесі Ханбибі Есенқарақызының жеке бастамасымен құрастырылған. Ол Ташкент, Шымкент, Алматы, Мәскеу кітапханалары мен архивтерінде газет материалдарын жинау бойынша үлкен жұмыс атқарды.

Сонымен қатар, іс-шарада Нәзір Төреқұлұлының таңдалған мақалалары мен мұрағаттық материалдар топтамасы; британдық инженер Джон Уилфорд Уарделлдің «Қазақ даласында» естеліктері (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде); жас ғалым-тарихшы Арман Ахметовтың «Әбілмәбет хан әулеті» монографиясы ұсынылмақ.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, «Ақ жол» партиясының төрағасы А.Перуашев, Мәжіліс депутаттары, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Алаш» зерттеу институтының басшылығы мен қызметкерлері, «Алашорда» ҚҚ өкілдері, кітап авторлары, құрастырушылар, аудармашылар, редакторлар қатысады.

Өтетін уақыты: 11 маусым, сағ 14-00

Өтетін жері: Ұлттық кітапхана

Тел: 87054210180 Аққу


Соңғы жаңалықтар