11 қыркүйектен бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы қалпына келеді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан әуе желілері Қазақстанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда «Ташкент - Алматы - Ташкент» бағытындағы алғашқы рейс 11 қыркүйекке белгіленіп, аптасына бір рет, жұма күні ұшады. Бұдан бөлек, «Uzbekistan Airways» АҚ компаниясы БАӘ, Германия, Қырғызстан және Түркиямен тұрақты әуе қатынасын кезең-кезеңімен қалпына келтіретінін хабарлады.

Жоғарыда аталған елдерден Өзбекстанға «Uzbekistan Airways» АК рейстерімен ұшуды жоспарлап отырған жолаушылар рейстің ұшуына дейін 72 сағат жарамды болатын COVID-19 инфекциясына (ПТР әдісімен) тапсырылған тест туралы анықтаманы ұсынуы тиіс.

Бұдан бөлек, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, БАӘ, Түркия елдерінен тұрақты рейспен ұшып келетін жолаушылардың қолында COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін анықтама болуы керек. Олар термометриядан өтіп, 14 күн өзін-өзі оқшаулауға міндеттейтін анкетаны толтыруы қажет.


Соңғы жаңалықтар