«100 жаңа есім» жобасының үшінші маусымына дауыс беру басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «100 жаңа есім» жобасының ІІІ маусымының дауыс беру кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ruh.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, яғни 5 қараша күні «100 жаңа есім» жобасының ІІІ маусымының дауыс беру кезеңі басталды. Дауыс беру кезеңі 20 қарашаға дейін жалғаспақ.

Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына 1 665 өтінім келіп түскен.

«Қазақстандық жас кәсіпкерлер арасынан – 129 адам, ақ халатты абзал жастардан – 106 адам, мәдениет жастарынан – 373 адам, қоғам белсенділерінен – 307 адам, салауатты өмір салтын ұстанатын – 411 адам, ғылым-білім жолында еңбек етіп жүрген – 336 адам, және т.б. қазақстандық жастың және Қытай мен Ресейдегі қазақ жастарының өтінімі қабылданды», делінген хабарламада.

Жас та болса біршама жетістіктерге жеткен замандастарымызды қолдауға, дауыс беруге, жеңімпазды анықтауға атсалуға шақырамын. Ел білуі керек деп есептейтін қыз-жігіттерді, «Қазақстанның 100 жаңа есімін» бірге анықталық!

«Дауыс беру үшін мына сілтеме арқылы, не кез келген іздеу жүйесі арқылы жобаның негізгі сайтына өтіп, тінтуірді қалаған қатысушыңызға жақындатсаңыз «дауыс беру» тетігі шығады. Сол тетікті бір рет басу арқылы сіз анкетаға өте аласыз. Анкетаның (қатысушы фотосының) астында тұрған «дауыс беру» тетігін тағы басқан соң, жүйе сіздің электронды мекен-жайыңызды сұрайды. Электронды мекен-жайды енгізу арқылы құпия код ала аласыз. Құпия кодты көрсетілген жерге жазу арқылы сіз қатысушыға дауыс бере аласыз», делінген хабарламада.

Бір адам бір ғана дауыс бере алады.

Соңғы жаңалықтар