100 теңге үшін төбелес: Әлеуметтік желіде базардағы жанжалдың видеосы тарады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңында орналасқан «Алтын Орда» базарында тұраққа ақша жинайтын жігіт пен жүргізуші төбелесті. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Видео авторының айтуынша, 30 наурыз күні таңғы сағат 9:10-да «Алтын Орда» базарына келген кезде олардан көлік тұрақшысына ұқсайтын адам тұрақ үшін 100 теңге сұраған. Бірақ жүргізуші қолма-қол ақша болмағандықтан Kaspi қосымшасына аударғысы келетінін айтқан. Тұрақшы бас тартып, көліктің иесін қуып шығуға тырысқан көрінеді. Салдарынан төбелес басталған» дейді видеожазбадағы адам.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға бүгін таңертең, яғни 30 наурызда «Алтын Орда» базарында сағат 09:10 шамасында болған.

«Аталған дерек әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталды. Оқиға орнына Қарасай аудандық ПБ жедел тергеу тобы шықты. Дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бейнежазбаның барлық қатысушылары анықталды. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысында екі тараптан да жауап алынады»,- деп хабарлады полициядан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық фактілері, себептері мен мән-жайы анықталады.

Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар