«100 оқулық»: Қарағанды колледждеріне қазақ тіліне аударылған кітаптар жетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды колледждеріне «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» республикалық жобасы аясында аударылған кітаптар жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

«Болашақта жастарымыз шетелдік азаматтардан қалыс қалмауы, 30 алпауыт мемлекеттің қасынан табылуы ең біріншіден, осы гуманитарлық салаға байланысты. Гарвард, Стэнфорд, Оксфорд сияқты оқу орындары осы кітаптармен дәріс беріп жатыр. Біз осы кітаптарды жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне жеткізуді жөн санадық», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.

Білім саласы мамандарының айтуынша, «100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми мазмұн мен қазақ тілінің лексикасын байытуға, ғылыми терминологияны одан әрі дамытуға серпін береді. Сондай-ақ жастардың әлемнің үздік стандарттарымен білім алуына жол ашады. Бұдан бөлек, жоба аясында жетекші халықаралық университеттер, ғылыми орталықтар мен оқулықтар шығаруға маманданған баспалармен тығыз ынтымақтастық орнатылуда.  
null 

Еске салайық, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» - Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жарияланған жобалардың бірі. Биылғы сәуір айында алғашқы 18 оқулық аударылып, Президентке таныстырылды.

Олар: Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін»; Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы. Антика философиясы» І-томы және «Батыс философиясының жаңа тарихы. Орта ғасыр философиясы» ІІ-томы; Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы»; Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс, Сюзан Ортеганың «Әлеуметтану негіздері»; Джордж Ритцер, Джеффри Степницкидің «Әлеуметтану теориясы»; Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе»; Дуэйн Шульц, Сидней Эллен Шульцтің «Қазіргі психология тарихы»; Дэвид Г. Майерс, Жан М. Туенждің «Әлеуметтік психология»; Н. Грегори Мэнкью, Марк П. Тейлордың «Экономикс»; Дональд Ф. Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика»; Рикки У. Гриффиннің «Менеджмент»; Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны»; Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хайамстың «Тіл біліміне кіріспе»; Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация»; Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы»; Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революциясы».

Оқулықтардың тізімі мен жоба туралы толық ақпаратты www.100kitap.kz сайтынан алуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар