100-ден астам юрисдикциядағы шоттар бойынша ақпарат алынады - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 100-ден астам юрисдикциядағы Қазақстан азаматтарының қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, экономиканың барлық салалары бойынша Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар іске асырылуда. Сондай-ақ, мемлекет шекараларындағы артық тосқауылдарды алып тастауға және заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Біз тауарларды толыққанды режимде қадағалаудың Ұлттық жүйесін іске асыруды жоспарлап отырмыз. 9 авто және 1 теміржол өткізу пунктін модернизациялау басталды», - деді министр.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, министрлік ірі бизнестің горизонталды мониторингі бойынша пилоттық жоба жүргізуде. Капиталды шетелге шығаруға қарсы және экономиканы деофшорлау бойынша кешенді жұмыс қолға алынған.

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен және Ұлттық банкпен электрондық мәліметтер алмасу аясында көпжақты конвенцияға қол қойдық. Осы жылдан бастап 100-ден астам юрисдикцияда азаматтарымыздың қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасуды бастаймыз. Сонымен қатар, трансферттік баға белгілеу заңнамасын одан әрі жетілдіру жоспарлануда», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар