10 шілдеде Нұр-Сұлтанда өтетін шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді. Оған Министрлер кабинетінің барлық мүшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қатысады. Жиын барысында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланбақ.

14:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қуыршақтар театрында балаларға арналған «Түймеқыз» қойылымы көрсетіледі.

20:00-де Есіл жағалауындағы амфитеатрда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры «Шәмші» спектаклін қояды.


Соңғы жаңалықтар