+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

10 сәуір. Туған күн иелері

2020 жылғы 10 сәуір 08:10
Бөлісіңіз:
10 сәуір. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 10 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


73 жыл бұрын (1947 жылы) қарымды қаламгер, зерттеуші-журналист Жарылқап Бейсенбайұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Молыке Шойманов ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1969-1990 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді. 1990-1997 жылдары «Ана тілі» газетінің тұңғыш Бас редакторы қызметіне тағайындалды. 1997 жылдың соңынан - «Қазақ ақпарат агенттігі» директорының орынбасары, 2002 жылы осы агенттік негізінен құрылған «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы» АҚ қазақ редакциясының бас редакторы болды. 2014-2017 жылдар аралығында «Мәдени мұра» журналының бас редакторы қызметін атқарды.
«Шоқан ізімен» (1977), «Буырқанған бояулар» (1981), «Әдеп әлемі» (1982), «Жасын-тағдыр жарқылы» (1987), «Қазақ шежіресі» (1994), «Арғы түрктер ақиқатының ізімен»(2006) атты деректі-танымдық, эссе, зерттеу кітаптарының, сондай-ақ «Шоқан» роман-эссесінің (2009) авторы. Бұл роман-эссе кітабы 2015 жылы орысшаға аударылып, оның таныстырылымы сол жылдың соңында Мәскеу қаласындағы Орыс Географиялық қоғамының штаб-пәтерінде өтті. Сонымен бірге 2015 жылы Астанадағы Түркі академиясының жобасы бойынша «Орталық Азиядағы арғытүрк сипатты мәдениеттер: этнотектік аспектілер» монографиясы жарық көрді. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1982).

60 жыл бұрын (1960) Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Махатұлы ТҰРЛАШОВ дүниеге келді.

Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қаскелең ауданы «Жетісу» кеңшарында құрылыс цехының жұмысшысы болып бастаған.

Әр жылдарда бригадир, шебер, бас прораб, құрылыс учаскесінің бастығы, кооператив төрағасы, «Алматыагрохим» АҚ бөлім бастығы, Талғар ауданы «Красное поле», «Горный садовод», «Гүлдала» ауылдық округтерінің әкімі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі қызметтерін атқарған. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

2016 жылдың сәуір айынан - қазіргі қызметінде.

42 жыл бұрын (1978) Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Игілікұлы ҚИЛЫБАЙ дүниеге келді.

Маңғыстау облысында туған. Алматы теміржол инженерлері институтын (инженер, 1999); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (экономист, 2003) бітірген.

Еңбек жолы: Атырау қаласындағы көлік бөлімінің станциясында қызмет атқарған (1999-2000); «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»АҚ магистральдық желісінің магистрі, бас маманы, бөлім бастығы (2002-2005); Экономика және тарифтік саясат департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары (2005-2009); «Вокзал Сервис» АҚ президенті (2009-2010); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры (06.2010-10.2010); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы (2010-2011); «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің кеңесшісі (09.2011-11.2011); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы - «Маңғыстау жол бөлімшесі» директоры (2011-2012); ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы (2012-2013); «ҚТЖ» ҰК «АҚ басқарушы директоры - аппарат басшысы (2013-2015); «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентінің міндетін атқарушы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы (2015 жылдан бастап); «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атқарушы директоры - президенті (03.2017-11.2017); «Теміржолсу» АҚ Басқарма төрағасы - бас директоры (2017-2018).

2018 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

Марапаттары: «Қазақстан Республикасы парламентіне 10 жыл» (2006), «Ерен еңбегі үшін» (2013); «Біртұтас Қазақ темір жолдарына 50 жыл» мерейтойлық белгісі (2008 ж.); «Қазақстан Темір Жолына 110 жыл» мерейтойлық белгісі (2014).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT