05:30, 10 Сәуір 2020 | GMT +6
10 сәуір күні Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.
«2020 жылдың 10 сәуірінде Балқаш пен Қарағанды қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады»,-делінген хабарламада.
Республиканың өзге қалаларында метеожағдай қалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.