10 мыңнан астам секция ашуға мүмкіндік беріледі - Ақтоты Райымқұлова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Спорт федерацияларына қосымша 10 мыңнан астам секция ашуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президентінің Жолдауын іске асыру аясында ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, оздерiнiз бiлетiндей, педагог қызметкерлерінің жалақысы 2020 жылдан 2023 жылға дейін жыл сайын 25 пайызға өсетін болады. Бұл ұлғайту қосымша білім беретін педагог қызметкерлеріне, яғни балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен спорттық мектеп-интернаттардың жаттықтырушыларына әрі оқытушыларына бағытталған», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн баспасөз мәслихатында.

А. Райымқұлованың сөзіне қарағанда, жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында балаларға арналған спорт секцияларының жұмысын ұйымдастыру қаралуда. «Қазіргі кезде министрлікте 101 спорт федерациясы аккредиттелген, оларға спорт түрлері бойынша қосымша 10 мыңнан астам секция ашуға мүмкіндік берілмек. Нәтижесінде, 300 мыңға жуық бала түрлі секцияда шұғылдана алады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар