10 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, ҚР 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және құрылыс материалдарының қымбаттауының тұрғын үй нарығына тигізетін әсері қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

14.00-де ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Кездесу online режимінде өтеді. Есеп беру кездесуінің тікелей көрсетілімі министрліктің сайтында, сондай-ақ Facebook https://www.facebook.com/enbek.gov.kz, YouTube https://www.youtube.com/channel/UCR4RVBVn-HMQPkjJiN35UbA әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарда көрсетіледі.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де онлайн-форматта «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының МЖӘ жобаларына мониторинг жүргізу жөніндегі кеңесі онлайн режимде отырыс өткізеді. Отырыстың тікелей көрсетілімі «Атамекен» ҰКП Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді: https://www.facebook.com/atamekenkz/.

16.00-де «Қазмедиа орталығында» ҚР Президентінің қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

11.00де Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау мәселелері» тақырыбында онлайн-сұхбат өтеді. Спикер – медицина ғылымдарының докторы, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева.


Соңғы жаңалықтар