10 маусым күні Алматының Жетісу, Түрксіб аудандарындағы ғимараттарда ыстық су болмайды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Жетісу және Түрксіб аудандарындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не сілтеме жасап.

2022 жылғы 10 маусым сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін ыстық су Жетісу және Түрксіб ауданы аумағындағы Жансүгіров – Тихий – Глазунов - Рысқұлов көшелерінің контурындағы, Ратушный көшесіндегі, сондай-ақ Құлагер, Көкмайса және Айнабұлақ 1, 2, 3, 4 ықшамаудандарындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.

«Қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін уақытша құбыр желісін кесу үшін шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар