10 қазан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 10 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

63 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік Комитетінің мүшесі Әлімжан Сейітжанұлы ҚҰРТАЕВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1980) бітірген, инженер.

Еңбек жолы: Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты Қызылорда филиалының оқытушысы (1980-1981); Қазақ КСР Шымкент қаласының ішкі істер органдарында қызмет етті (1981-1982); Шымкент қаласы үй құрылыс комбинатының шебері, бас инженері (1982-1985); Ғылыми қызметпен айналысты (1985-1990); Құрылыс индустриясының қызметкері (1990-1993); Арыс қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, әкімнің кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы, ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агентік төрағасының орынбасары (1993-2004); Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының әкімі (2005-2009); «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС директоры (2009-2012); Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі (2012-2013); «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС директоры (2013-2016).

Қазіргі лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келеді.

52 жыл бұрын (1969) «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Капанұлы ӘЛДИЯРОВ дүниеге келді.

1991 жылдың маусым айында М.В.Фрунзе атындағы Киев жоғары жалпыәскерлік командалық училищесін, 2000 жылы М.В.Фрунзе атындағы әскери академиясын, 2014 жылы ҰҚУ бітірген.

Әскери шені: генерал-майор (2021). Талдықорған облысы Киров ауданы Бесқайнар ауылында туған. Офицер құрамы лауазымдарда взвод командирінен бастап өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысына дейін қызмет өткерген.

1991-1995 жылға дейін әртүрлі әскери бөлімдерде батальон командиріне дейін қызметтер атқарды. 1997– 2000 жылдары М.В.Фрунзе атындағы әскери академиясының тыңдаушысы, 2000-2003 жылдары Қарулы күштердің жедел жоспарлау Департаментінде, құрлық әскерлері қолбасшысы басқармасында, Бас штабының барлау қызметінде лауазымда болды. Әскери бөлімдерде қызмет атқарды. 2007 -2008 жылдары ҚР ҚМ ШБК әскерлер қызметі және жауынгерлік дайындық Департаменті жауынгерлік дайындықты жоспарлау және үйлестіру басқармасында басшылықта, 2009 жылдың маусым айында Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (жауынгерлік дайындық жөніндегі) орынбасары «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы жауынгерлік дайындық бөлімінің бастығы болды.
2014 жылдың тамыз айында ҚР ҚК Бас штабы жауынгерлік дайындық Департаменті бастығының орынбасары, 2015 жылдың қазан айында Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы штабының бастығы.
2019 жылдың мамыр айынан бастап «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы лауазымда қызмет атқарып жүр.
ІІ дәріжелі «Айбын» орденімен наградталған.

51 жыл бұрын (1970) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Қаныбек Бекболатұлы ЖҰМАШЕВ дүниеге келді.

Маңғыстау облысының Жетібай ауылында туған.

Еңбек жолын 1992 жылы «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамында инженер-химик қызметінен бастады.

1997-2010 жылдары білім саласында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды және Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі болды. 2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2012-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, кейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі болды.

2015 жылдың қараша айынан бастап «Nur Otan» партиясының Хатшысы қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, 2020-2021 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болған.

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың мамырынан.



45 жыл бұрын (1976) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Сағындықұлы АҚШАНОВ дүниеге келді.

Павлодар облысы Ертіс ауданы Сілеті ауылында туған. 1999 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «АӨК саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітірді.

2000-2004 жылдар аралығында несие сарапшысы, Павлодар қаласындағы «Казкомерцбанк» АҚ және «Қазақстан халық банкі» АҚ филиалдарында Еуропа қайта құру және баму банкі бағдарламаларын жүзеге асыру секторының меңгерушісі болып қызмет етті.

2004–2010 жылдар аралығында «АТФ Банк» АҚ қабырғасында Атырау қаласы филиалының тәуекел-менеджері, несие тәуекелдері басқармасының бастығы, тәуекел-менеджмент департаменті директорының орынбасары болып еңбек етті. Сауда департаментінің директоры және Алматы қаласы бойынша филиалының директоры болып қызметін жалғастырды.

2011-2016 жылдар аралығында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорында Алматы филиалының директоры, Басқарма төрағасының кеңесшісі, HR-департаменті және Кепілдендіру департаментінің директоры болды.

2016 жылы Кепілдендіру және ақпараттық технологиялар департаментінің қызметін қадағалайтын Басқарушы директор лауазымына көтерілді. 2016-2017 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ атқарушы директоры, 2017-2018 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың маусымынан.

43 жыл бұрын (1978) VII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ғалымжан Алмасбекұлы ЕЛЕУОВ дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туған. 2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Хирургия» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта аспирантурада оқыды. 2008 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы диссертациясын сәтті қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды. 2011 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін МБА іскерлік әкімшілендіру саласындағы Дьюк Университетінің Фукуа бизнес-мектебінің бағдарламасы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе қаласындағы «№ 2 қалалық емхана» МКК дәрігер – хирург болып бастады. 2004-2010 жылдары Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында дәрігер-хирург болып жұмыс істеді. 2010-2012 жылдары Ақтөбе қаласындағы «№ 2 қалалық емхана» МКК бас дәрігердің орынбасары міндетін атқарды. 2010-2021 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Дару клиникасы» оңалту медициналық орталығының директоры болып жұмыс істеді. 2016-2021 жылдары Нұр-сұлтан қаласындағы «DARU» ұлттық оңалту медициналық орталығының директоры болды. 2018-2021 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Көз Жарығы «клиникасы« офтальмологиялық орталығының директоры болып жұмыс істеді. 2020-2021 жылдары Ақтөбе қаласындағы «DARU NEFROS« медицина орталығының директоры.

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қаңтарынан бері.

35 жыл бұрын (1986) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Серікұлы ОЛЖАБЕКОВ дүниеге келді.

Алматы облысында дүниеге келген. КИМЭП университетін (бизнес әкімшілігі, бакалавр), аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (құқықтану, магистр), Назарбаев Университетін (мемлекеттік басқару, магистр) бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» АҚ кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімінің менеджері қызметінен бастады. 2012-2017 жылдары — «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2017-2019 жылдары — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары. 2019 жылы тамыздан бастап 2021 жылы тамызға дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.

2021 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.

32 жыл бұрын (1989) ҚР сауда және интеграция министрлігінде әдеп жөніндегі уәкіл Шыңғыс Аманбекұлы АҒЖАНБАЕВ дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Қаржы саласында (Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (2010) және экономика саласындағы құқықтық реттеу жоғары білімі бар (Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университеті (2014).

2011 жылы «Каркын» ЖШС бухгалтері (Қостанай облысы, Аркалық қ.), 2012 жылы «Арқалық қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ шарт бойынша экономист, «Әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімі» ММ жетекші маманы Арқалық қаласы, «Арқалық қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, Экономикалық және стратегиялық жоспарлау және аумақтарды дамыту секторының бас маманы, 2012-2014 жылдары «ҚР ҚМ Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті Қазынашылықтың Арқалық қалалық әкімшілігі» ММ бас маманы - операциялар тобының бас қазынашысы, 2014-2016 жылдары «ҚР ҚМ Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті Қазынашылықтың Арқалық қалалық әкімшілігі» ММ әкімшілік бөлімінің бас маманы, 2015-2016 жылдары МІжСЖА Астана қаласы бойынша департаментінің Тәртіптік-әкімшілік практика және мемлекеттік қызметтер департаментінің кеңесшісі (Тәртіптік кеңес хатшылығы), 2016-2020 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сарапшысы, бас консультант.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қыркүйегінен.


Соңғы жаңалықтар