1 желтоқсанда «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі эфирге шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан күні «Qazaqstan» ұлттық арнасынан «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімет таратты.

«1 желтоқсан 20:00-де «Qazaqstan» арнасында «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі шығады. Елбасы облыс орталығын Түркістанға көшіру жөніндегі тарихи шешімнің түпкі мән-мазмұнын ашып, қаланың туристік әлеуеті мен халықаралық беделі, келешек жоспары туралы айтып береді» деп мәлімдеді Айдос Үкібай Twitter парақшасында.



Соңғы жаңалықтар