1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл сайын 1 желтоқсанда әлемдік қауымдастық, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтер АИТВ/ЖИТС қарсы күрес күнін өткізіп, тұрақты түрде инфекцияның алдын-алу, тестілеу, емдеу және азаматтарға қызмет көрсету, осы проблеманы бірлесіп еңсеруге күш-жігерін салады. Адамзат баласы ауыр індеттің алдын алуда прогреске жеткенімен, оны жұқтырушылардың саны әлі де азаятын емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат strategy2050.kz-ке жасап.

Биылғы COVID-19 пандемиясы жағдайында оның жүгі екі еселеніп, ДДҰ әлемдік көшбасшылар мен азаматтарды АИТВ/ЖИТС-ға қарсы «жаһандық ынтымақтастыққа» шақырды. Бұл індет қаупіне ұшыраған халықтың осал топтарына ерекше назар аударып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге көңіл бөлу керектігін білдіреді. 1990 жылдардың соңынан бастап әлем аталған індетке қарсы күресте біршама табысқа қол жеткізді. Бірақ АИТВ/ЖИТС қоғамдық денсаулық сақтаудың жаһандық маңызды проблемасы болып келеді. Мысалы, 1990 жылдары әлем бойынша АИТВ және ЖИТС-ты жұқтырған және одан қайтыс болған адамдар санының едәуір өсуі байқалды. 1996-2001 жылдар аралығында жыл сайын 3 миллионнан астам адам АИТВ жұқтырған. Содан бері жаңа инфекциялар саны азая бастады және ол 2017 жылы 2 миллионға дейін азайды. Бұл 1990 жылдан бастап анықталған жаңа инфекциялардың ең аз саны болған еді. ЖИТС-пен байланысты өлім-жітім саны 1990 жылдары өсіп, 2005 және 2006 жылдарға қарай ушығып кетті. Өйткені, осы екі жылда шамамен 2 миллион адам ауыр індеттен қайтыс болған. Содан бері жыл сайын ЖИТС-тен қайтыс болғандар саны азайып, екі есеге дейін төмендеген. 2017 жылы ЖИТС-тан 1 миллионнан аз адам қайтыс болып, көп жылдардан кейін ең төменгі көрсеткішке жетті. Жалпы, 1990 жылдармен салыстырғанда індеттің таралу қарқыны баяулағанымен, дүниежүзінде 36 миллионнан астам адам АИТВ-мен өмір сүреді екен.

2017 жылы АИТВ жаңадан жұқтырғандар көрсеткіші

АИТВ/ЖИТС әлемдегі ең қауіпті жұқпалы аурулардың бірі болғандықтан кейбір елдердегі өлім-жітімнің басты себебі болып отыр. Әсіресе Африка елдерінде бұл індет соңғы онжылдықтарда халықтың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына үлкен әсер етіп келеді. Мысалы, Оңтүстік Африка, Ботсвана, Мозамбик елдерінде осы індеттен болатын өлім саны жүрек ауруынан болатын өлімнен 50 пайызға көп, ал қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітімнен екі есе көп(2017 жылғы көрсеткіштер бойынша). «The Lancet» халықаралық медициналық журналының зерттеуі бойынша, АИТВ/ЖИТС-дан 2017 жылы миллионға жуық (954 000) адам қайтыс болған. Бұл көрсеткіш 2017 жылы безгектен қайтыс болғандардың санынан 50 пайызға жоғары екен, сонымен қоса бұл өлім-жітім бойынша екінші қатардағы жұқпалы ауру екенін көреміз.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер жоғары, дегенмен дүниежүзінің әр аймағындағы АИТВ/ЖИТС құрбандарының санында айырмашылықтар бар. Кейбір елдерде бұл індеттен көз жұмғандардың саны әлі де айтарлықтай жоғары болса, тағы бір аймақтарда ол төмен. Мәселен, АИТВ/ЖИТС-тан қайтыс болғандардың үлесі Еуропада 0,1 пайызды құраған. Ал, Африканың оңтүстігінде шоғырланған кейбір мемлекеттерде індеттен көз жұмғандардың үлесі өте жоғары. 2017 жылы Оңтүстік Африка мен Ботсванадағы 4 өлімнің 1-ден астамы (28%) АИТВ/ЖИТС-тан болған. Бұл көрсеткіш Мозамбикте (24%), Намибияда (23%), Замбияда (18%), Кенияда (17%) және Конгода 15% болды.

АИТВ бойынша қазіргі статистикадан мысал келтіретін болсақ:

- АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жалпы саны 38,0 млн адамды құрады (2019 ж.). Оның ішінде 36.2 млн - ересектер, 1,8 млн – 0-14 жас арасындағы балалар.

- АИТВ жаңадан жұқтырғандардың саны – 1,7 млн. (2019 ж.)

- 2019 жылы АИТВ жұқтырған адамдардың 81%-ы өз денсаулық жағдайы туралы біледі.

- АИТВ-ны жұқтырудың жаңа фактілері 1998 жылмен салыстырғанда 40% - ға азайды, бұл – ең жоғарғы көрсеткіш.

- 2019 жылы ЖИТС-пен қатысты аурудан қайтыс болғандардың жалпы саны 690 мың адам. Салыстыратын болсақ, 2004 жылы – 1,7 млн адам, 2010 жылы 1,1 млн адам.

Денсаулыққа қатысты көптеген мәселелер сияқты, осы дертпен күрес COVID-19 пандемиясы жағдайында қосымша проблемаларға тап болды. АИТВ-ның алдын-алу, тестілеу, емдеу және күтім жасау денсаулық сақтау жүйесі дамымаған елдерде күрделі қиындықтар туғызады. COVID-19 салдарынан АИТВ-ға қарсы негізгі қызметтердің шектелуі немесе тоқтап қалуы азаматтардың өміріне тікелей қауіп төндіреді. Осындай шаралардың шектелуі мен баяу іске асырылуы халықтың әлеуметтік осал топтарының АИТВ-ны жұқтыру, ЖИТС-пен байланысты өлім қаупін арттыратыны белгілі. Алайда, бүкіл әлемде медицина қызметкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері COVID-19 пандемиясы әкелген қиыншылықтарға қарамастан, қызметтің инновациялық тәсілдерін, қазіргі технологияның мүмкіндіктерін қолдана отырып, індетке қарсы күрестің міндетін табысты орындап келеді.

COVID-19 пандемиясы кезеңінде жеке адам денсаулығы мен қауіпсіздігі барша адамзаттың қауіпсіздігіне ықпал ететініне көз жеткіздік. Денсаулық сақтау саласының мұндай сынағы халықтың әлеуметтік осал және әлсіз топтарына әсер ететіні сөзсіз. Атап айтқанда, биылғы жағдай АИТВ/ЖИТС-мен өмір сүретін адамдарға, әйелдерге, балаларға күнделікті өмірде көптеген қиыншылықтар тудырып отыр. Бұл бірінші кезектегі маңызды медициналық көмек алуға байланысты мәселелерді де қамтиды. Сонымен қатар, әлемнің әр аймағындағы экономикалық санкциялар, сауда текетіресі, мұнай дағдарысы себебінен көптеген елдерде әлеуметтік және экономикалық теңсіздік күшейе түсті, ол өз кезегінде халықтың кейбір топтары арасында АИТВ-ға осалдықты арттырады. Алайда, бұл дағдарысты бірлескен күш-жігермен оң өзгерістер мүмкіндігі ретінде де қарастыруға болады. COVID-19 пандемиясын еңсеріп келе жатқан әлемдік қауымдастық АИТВ/ЖИТС-тың қоғам денсаулығына қаупін жоя алады деген сенім бар. ЮНЕСКО Бас директоры Одри Азуле айтқандай, ЖИТС-ты серіктестермен тығыз байланыса отырып қана жеңуге болады. Соның ішінде ағарту сияқты ең маңызды салаға көңіл бөлуіміз керек. Өйткені ЖИТС-пен күрес тек қана медицина мен ғылымның қолында емес. Көп жағдайда ол халықтың біліміне байланысты деп есептейді.

Халықаралық ынтымақтастық пен қоғам белсенділерінің қызметі аталмыш індеттен зардап шеккен адамдарды тиісті ақпаратпен, қызметтермен, әлеуметтік қорғаумен қамту, ең бастысы – оларға үміт пен сенім сыйлау тұрғысынан өзекті. Дегенмен, мұндай ынтымақтастық тек халық тарапынан ғана емес, Үкіметтер, демеушілер, діни-рухани көшбасшылар, азаматтық қоғам — бүкіл әлем халқының денсаулығын нығайтуға жан-жақты үлес қосуы тиіс. COVID-19 сонымен бірге бұл процесте саяси ерік-жігердің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Көптеген елдердің үкіметтері төтенше шаралар қабылдады және адам өмірін қорғау, халықтың кіріс көздерін сақтау үшін қаржы ресурстарын жұмылдырды. Мемлекеттер АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеудің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бір-бірімен ынтымақтасып, COVID-19 вакцинасын барлығына бірдей қол жетімді қылуға шақырды.

Қазақстан Республикасында 1996 жылдан бастап халықтың АИТВ жұқтыру қаупі жоғары топтарында алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылып келеді. Жалпы, Тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдардан бастап мемлекеттік бағдарламаларда, Елбасы Жолдаулары мен Стратегиялық құжаттарда халықтың денсаулығы тақырыбына ерекше орын бөлінген. Қазақша құжаттарда HIV/AIDS инфекциясы АҚТҚ/ЖҚТБ немесе АИТВ/ЖИТС деп көрсетілген. АИТВ/ЖИТС - адамның иммун тапшылығы вирусы/жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы. 1996 жылы Үкімет Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 1996-2000 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Кейінгі жылдары профилактикалық жұмыс бағыттары бойынша мемлекеттік қаржы қарастырылып, 2001-2005 жж. және 2006-2010 жж. арналған екі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. 2011 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ол ЖИТС-ке қарсы күрес бағытын ғана емес, басқа да аурулардың нақты түрлерімен күрес салаларын қамтыды. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы ҚР Президентінің «ҚР 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы негізінде дайындалды. «Саламатты Қазақстанға» АИТВ бойынша екі мақсатты көрсеткіш енгізілген: біріншісі – 15-49 жастағы адамдар арасында инфекцияның таралуын 2015 жылға қарай 0,2-0,6% деңгейінде ұстап тұру және екіншісі – бас бостандығынан айырылғандар арасында АИТВ инфекциясының таралуын < 5% деңгейінде ұстап тұру. 2013-2015 жылдары Үкімет аталмыш бағытта белгілі бір прогреске қол жеткізді, сондай-ақ бірқатар ұйымдастырушылық және құқықтық проблемалардың бар екендігі де анықталды. Саяси шешімдер және мемлекеттік бюджет есебінен тиісті қаржыландыру АИТВ инфекциясының алдын алу, емдеу және күтімі қызметтерін сапалы деңгейде орындауға мүмкіндік береді.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітімі деңгейін төмендету мақсаты қойылған. Оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулез және АИТВ/ЖИТС науқастарына медициналық көмек көрсету, сондай-ақ пенитенциарлық жүйелердегі адамдар арасында ақпарат тарату міндеттері қарастырылған. Дегенмен, бұл бағдарламада АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдардың жалпы саны емес, бас бостандығынан айыру органдарында, пенитенциарлық жүйедегі жағдайға ғана баса назар аударылған сыңайлы.

Авторы Олжас Бейсенбаев

Соңғы жаңалықтар