+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

1-сыныпқа баратын баланың тұрғылықты мекенжайы басқа қалада болса не істеу керек

2020 жылғы 3 маусым 12:59
Бөлісіңіз:
1-сыныпқа баратын баланың тұрғылықты мекенжайы басқа қалада болса не істеу керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нормаға сәйкес, әр сыныпта 25 балаға дейін болуы керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Назарбаев университетінде білімімді жалғастырмақшымын – Шынар Марс Уханьдағы мектептерде оқу қайта жанданады Шекара жабылуына байланысты шетелде қалған «болашақтықтарға» 66,4 млн теңге шәкіртақы төленді

«Egov.kz порталы арқылы баланы бір мектептен басқа мектепке ауыстыруға болады. Білім және ғылым министрлігінің құрамында 20 мың мекеме бар. Бұл ұйымның бәрін ақпараттандыру қиын, сол себепті бізге басқа ақпараттық жүйелер көмектеседі. Біз олармен бірігіп жұмыс істейміз. Әр өңірде әртүрлі ақпараттық жүйе тұр және бұл қалыпты жағдай», - деді Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбай.

Сондай-ақ, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова 1-сыныпқа баратын баланың тұрғылықты мекенжайы басқа қалада болса не істеу керектігін айтты.

«Мұндай жағдайда оқушының тұрғылықты мекенжайы талап етілмейді. Бірақ мектепке хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, мәселені шешуге болады. Бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтінішті мектеп директорының атына жазады, ал мамандандырылған облыстық мектеп болса – өтінішті облыстық немесе қалалық білім басқармасына жазады. Мектеп алдымен өзінің микроучастогындегі оқушыларды қабылдауы керек. Биылғы талап бойынша әр үш бала сол мектеп маңындағы үйлерден алынса, төртінші бала басқа территориядан келе алады. Нормаға сәйкес, әр сыныпта 25 балаға дейін болуы керек, бірақ бала саны көп болған соң бұл талаптар сақтала бермейді. Бұл мәселені жергілікті органдар кезең-кезеңімен шешуі тиіс», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT