+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

1 шілдеге дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленеді

2020 жылғы 28 қаңтар 09:22
Бөлісіңіз:
1 шілдеге дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының әйелдер үшін белгіленген шекті сомасын атады Қазақстанда 100 мыңға тарта кәсіпорынның зейнетақы жарнасы бойынша қарызы бар Біржан Нұрымбетов: Қазақстанда зейнетақы жинағы 500 мың теңгеге ғана жететін 5,3 млн адам бар

«Сауда саясаты бойынша бағдарлама әзірленеді. Өткізу нарықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету және электрондық сауданы дамыту бойынша шаралар іске асырылады. Осы жылдың соңына дейін жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» Заң қабылданады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, әлеуметтік саясат бойынша әлеуметтік саладағы заңнамаға түгендеу жүргізіледі. Осы жылғы 1 шілдеге дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленеді. Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша шаралар, оның ішінде Денсаулық кодексі қабылданады. Кодекстің жобасы ашық және кеңінен талқыланады.

«Білім беру бойынша педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады. Ғылыми-өндірістік кластерлер құру және адами капиталды дамыту бойынша ұсыныстар әзірленеді», - деді ол.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы жылғы 15 мамырға дейін Орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық даму жоспары қабылданатындығын атап өтті.

«Жұмыс тобы әзірлеген негізгі шаралар Жоспарға енеді. Әрбір орталық мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган белсенді қатысады. Жоспар жобасын мазмұнды пысықтау үшін сараптамалық қауымдастықтың кеңінен талқылауына шығарылады. Жұмыс органы ретінде Ұлттық экономика министрлігін айқындау ұсынылады. Жалпы алғанда, бұл тәсіл әзірленіп жатқан шараларды өзара үйлестіруге ықпал ететін болады. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іс жүзінде іске асыру қамтамасыз етіледі», - деді Руслан Дәленов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT