1 шілдеге дейін Ақша-кредит саясаты стратегиясы бойынша ұсыныстар әзірленеді – Руслан Дәленов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Ақша-кредит саясаты стратегиясы бойынша ұсыныстар әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір шағын топтың аясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іс жүзінде орындауға бағытталған нақты шаралар әзірленуде. Салық-бюджет саясаты бойынша мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығы үшін ашық және прагматикалық саясат құру бойынша шаралар әзірленеді. Барлық салықтық преференциялар мен жеңілдіктер олардың тиімділігі тұрғысынан талданады. Осы жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Бюджет кодексіне контрциклдік бюджет қағидаларын бекіту бойынша өзгерістер енгізіледі», - деді министр.

Оның айтуынша, ақша-кредит саясаты мен қаржы секторы бойынша инфляция мен экономикалық өсу арасындағы консенсусқа қол жеткізуге бағытталған шаралар әзірленеді. Биылғы 1 шілдеге дейін Ақша-кредит саясаты стратегиясы және хеджирлеу инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар дайындалады. Сондай-ақ қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту және ұлттық төлем жүйесін құру бойынша шаралар әзірленетін болады.

«Мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор бойынша (ҰЭМ) құзыреттілік пен тиімділікті арттыруға және дебюрократияға қатысты шаралар әзірленетін болады. 2020 жылдың 1 мамырына дейін нәтижесіз шығыстарды қысқарту бойынша шаралар қабылданады. Сонымен бірге, ауыртпалықсыз кейінге қалдыруға болатын мемлекеттік шығыстардың тізбесі айқындалады», - деді Р.Дәленов.


Соңғы жаңалықтар