1 шілдеде Алматы әуежайы жаңа терминалының құрылысы басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 1 шілдеден бастап Алматы халықаралық әуежайы жаңа терминалының құрылысы басталады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 шілдеден бастап әуежайдың жаңа терминалының құрылысы басталады. Жолаушылар ағыны 6 млн адам болмақ. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың 1 шілдесінде аяқталады. 2 жылда үлкен жұмыс атқарылады. Жаңа терминал арқылы тек халықаралық рейстерге қызмет көрсетіледі. Ал ескі терминал ішкі рейстерге қызмет көрсетуге арналады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұдан бұрын біз Алматы халықаралық әуежайының сатылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар