+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

1 сәуірден бастап таңбалануы міндетті темекі өнімдерінің тізімі ұзартылады

2021 жылғы 20 қаңтар 13:31
Бөлісіңіз:
1 сәуірден бастап таңбалануы міндетті темекі өнімдерінің тізімі ұзартылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 1 сәуірден бастап таңбалануы міндетті темекі өнімдерінің тізімі ұзартылады. Бұл туралы толығырақ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызметтерді көрсету департаментінің директоры Бақытгүл Қазақбаева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы министрлігі цифрландыру шеңберінде көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға бағытталған бірқатар шараны қолға алған еді. Бұл ретте тауарларды таңбалау жүйесі - маңызды бағыттардың бірі. Қазақстанда тауарларды таңбалау тәртібі міндетті. Оны енгізу процесі барысына өндіруші, импортер, дистрибьютор мен бөлшектік сауда өкілі қатысады. Тауарды таңбалау екі кезең бойынша жүргізіледі: біріншісіне 2020 жылғы 1 қазаннан бастап өттік. Ол бойынша фильтрсіз және фильтрлі темекілер таңбаланады. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап біз таңбалаудың екінші кезеңіне өтеміз. Ол жерде сигареттерді, сигариллаларды, электронды темекілерге арналған сұйықтықтар және осыған қатысты тағы басқа тауарлар да таңбалауға жатқызылады», - деді Бақытгүл Қазақбаева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша темекі өнімдері легін таңбалау арқылы заңсыз тауар айланымын қысқартуға болады. Біріншіден, тұтынушылар үшін бұл тәртіп өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік берсе, өндірушілер мен кәсіпкерлер үшін заңды бәсекелі ортаны қалыптастырады. Осылайша салықтан түскен қаражаттың есебінен бюджетке түсетін кіріс көлемі де ұлғаяды.

«Енді цифрлық таңба туралы айта кетейін. Data matrix, яғни цифрлы таңба қағаз жүзіндегі акцизді таңбаның орнын алмастырады. Өндірушілер мен импортерлер темекінің әрбір қорабына Data matrix кодын енгізеді. Ол кодта өндірушілер туралы мәлімет, сериялық нөмірі мен тексеруші коды белгіленген. Дүкендер темекіні сатқан кезде кассир Data matrix-ті сканерлеп, темекінің сатылғаны туралы ақпарат ОФД-ға жөнелтіледі. ОФД-дан ақпарат тауарлардың таңбалануын бақылайтын ақпараттық жүйеге жөнелтіледі», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT