1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірінші сынып оқушыларының құжатын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 сәуірден бастап барлық қазақстандық мектепте келесі оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үрдісі басталады. Баласын бірінші сыныпқа беруді жоспарлаған ата-аналар құжаттарын өткізе беруіне болады. Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі. 1-сыныпқа алты жасар және биыл 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады.

«Қажетті құжаттар: ата-ана өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, «Бала денсаулығы паспорты» және 3х4 көлеміндегі 2 фото», - дейді ол.



Соңғы жаңалықтар