+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

1 сәуір. Туған күн иелері

2020 жылғы 1 сәуір 08:10
Бөлісіңіз:
1 сәуір. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 1 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1925-1998) композитор, дирижер, дәулескер домбырашы, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы ТІЛЕНДИЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Іле ауданында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория), Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.

1952-1961 жылдары - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері. 1960-1964 жылдары - Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері. 1968-1981 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы. 1981 жылдан «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды. «Алтын таулар» операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), «Достық жолымен» балетінің (Л.Степановпен бірге), «Ортеке» балет-поэмасының, «Менің Қазақстаным» кантатасының, оркестрге арналған «Поэма», «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазды. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

81 жыл бұрын (1939) жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ дүниеге келді.

Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған.

Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Ауыл өмірі» газетінің редакторы, Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, Қостанай облыстық телерадио комитетінің редакторы, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, аға тілшісі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Әдебиет және өнер институтының кіші, аға ғылыми қызметкері болған. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің хатшысы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің консультанты. 2001 жылдан бастап Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғылыми қызметкері болып істейді. Ол 1997 жылы Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметін атқарған. Ғалым Қытайда болған жылдары қазақ халқының тарихына қатысты қытай деректерін аударып, «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «Түріктер. Жыужандар», «100 құжат», «Таным тармақтары», «Анықтамалық» атты кітаптар жазған. 2001 жылдан бері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері болып істейді. Медальдармен марапатталған.

81 жыл бұрын (1939-2014) жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қоғабай СӘРСЕКЕЕВ дүниеге келген.

Қостанай облысының Амангелді ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

«Ұлан», «Егемен Қазақстан» газеттерінің әдеби қызметкері, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, «Кітап жаршысы» газетінің редакторы болған. 1986 жылдан «Жалын» баспасының бас редакторы, Республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің бас редакторы, Республикалық кітап таратушылар қауымдастығының президенті, «Сақ» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқарған. «Қазақ» газетінің бас редакторы болған. Қаламгердің «Кілт», «Қараша қаздар» атты повестер мен әңгімелер жинағы, «Қызыл алау», «Заманақыр» романдары жарық көрген. «Қол мерген», «Ыбырай Алтынсарин», «Мұңлық-Зарлық», «Фатима», «Сарбаздар», т.б. пьесалары республикалық театрларда қойылған. 1999 жылы «Жол үстіндегі әңгіме», «Ұлы ұстаз немесе Алаштың Ахметі - Ахмет Байтұрсынов жайлы ой түйін», «Портреттер» деп аталатын әңгіме-эсселері мен екі томдық таңдамалы жинағы басылған.

7 1 жыл бұрын (1949) «Қазақстан құс өсірушілер одағы» Заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті Руслан Исмаилұлы ШӘРІПОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. 1972 жылы Семей зоотехника-ветеринарлық институтын «ветеринария» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1972-1976 жылдары бұрынғы Талдықорған облысы Панфилов ауданы Киров ұжымшарында мал дәрігері, 1976-1979 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Алексеев құс фабрикасында бас мал дәрігері, директордың өндіріс бойынша орынбасары, 1979-1985 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданы «Степная» құс фабрикасының бас мал дәрігері, директордың өндіріс бойынша орынбасары, 1985-1995 жылдары Торғай облысы Есіл құс фабрикасының директоры, 1995-2003 жылдары Алматы облысындағы Алексеев құс фабрикасының, «Вент» АҚ, «Сеймар» АҚ, «Когер ЛТД» ЖШС директоры. 2003-2009 жылдары Алматы облысы «Алматы құс фабрикасы» ЖШС директоры болған.

Қазіргі қызметінде - 2009 жылдан бері.

60 жыл бұрын (1960) Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Мәкәрімұлы ЖАМАЛОВ дүниеге келді. Ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты (1998), профессор (2001).

1977 жылы Орал қаласындағы 2-орта мектепті, 1983 жылы Мәскеу темір жол инженерлері институтын, 1998 жылы Мәскеу Тауар өткізу және қызмет көрсету салалары мемлекеттік академиясының аспирантурасын бітірген.

1983 жылы еңбек жолын Батыс Қазақстан темір жолының Орал локомотив депосында бастап, депо бастығының орынбасарына (1990) дейінгі кәсіби-қызмет жолынан өткен. 1990-1992 жылдары Орал облысының комсомол комитетінде, кейін әртүрлі шаруашылықтық-коммерциялық құрылымда қызмет атқарған. Қазіргі кезде Еуразия халықаралық менеджмент және тілдер институтында сабақ береді. Оның ғылыми еңбектері қаржы саласын басқаруды жетілдіріп, банк ісін ұйымдастыруды жақсарту мәселелеріне арналған. 2007-2011 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты («Нұр Отан» ХДП партиялықтізімі бойынша сайланған), Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2012-2016 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында түрлі қызметтер атқарған.

Қазіргі қызметінде 2016 жылғы наурыздан бері.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2005) марапатталған. Әскери атағы - майор.

42 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі Мәди Төкешұлы ТӘКИЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша (1998); Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша (2005); Халықаралық бизнес университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесі бойынша (2011) бітірген.

Еңбек жолы: Ғылым министрлігі - ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының бас есепшісі (1998-2000); Алматы қаласының Салық комитетінде инспектор, жетекші инспектор, бас салық инспекторы, ШКС-мен жұмыс, аудит бөлімінің басшысы (2000-2008); Алматы облысы бойынша Салық департаментінің акциздерді әкімшілендіру бөлімі, басқармасы басшысы (2008-2009); Алматы қаласы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары (2009-2012); ҚР ҚМ Салық комитетінің басқарма басшысы (2012-2013); Ұлттық экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры (2013-2014); ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы (2014); Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (2014-2017); Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салықтық бақылау департаментінің директоры-Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы (2017-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы наурызда кірісті.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен; «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астана 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған; «Салық қызметінің үздігі» атағы бар.

37 жыл бұрын (1983) Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Махмұтұлы СПАНОВ дүниеге келді.

Ол Қостанай облысы Наурызым ауданының Қарамеңді ауылында туған. 2004 жылы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Инновациялық-консультациялық орталық» қоғамдық бірлестігінде кіші ғылыми қызметкер ретінде бастаған. М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде экономика кафедрасының оқытушысы, 2004-2009 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші, бас маман, 2009-2012 жылдары бөлім бастығы, 2012-2014 жылдары басқарма бастығының орынбасары, 2014-2018 жылдары басқарма басшысы болды.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың қаңтарынан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT