+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

1 маусымнан бастап egov.kz порталына 1-сыныпқа қабылдауға 1139 өтінім түскен

2020 жылғы 3 маусым 11:53
Бөлісіңіз:
1 маусымнан бастап egov.kz порталына 1-сыныпқа қабылдауға 1139 өтінім түскен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі білім жүйесін цифрландырып жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шекара жабылуына байланысты шетелде қалған «болашақтықтарға» 66,4 млн теңге шәкіртақы төленді Келесі жылы «Цифрлық сауат» пәні 1-сыныптан бастап оқытылады «Бастау» жобасы: Түркістан облысында 3 мың адам кәсіпкерлікті үйренеді

«Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі білім жүйесін, соның ішінде 1-сыныпқа қабылдау жүйесін цифрландырып жатыр. Құжатты электронды түрде қалай тапсыруға болатынын айтып өтейін. Egov.kz порталында «Білім» деген бөлім бар. Ол бірнеше бағыт бойынша бөлінген. Электрондық қолтаңбасы бар кез келген ҚР азаматы Egov.kz порталына тіркеліп, құжат тапсыра алады. Пароліңізді жазған соң жеке кабинетке кіріп, қандай қызмет түрі керек екенін таңдайсыз. Одан кейін қай аудан, қай мектеп екенін таңдап, құжаттарды тіркейсіз. Бұл құжаттар ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесіне түседі», - деді Білім беру цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбай.

Ол 1 маусым күні 1-сыныпқа қабылдауға 645 өтінім түскенін айтты.

«Ал 1 маусымнан бүгінге дейін жалпы өтінім саны – 1139. Өтінімдер Білім және ғылым министрлігінің жүйесінде өңделеді. Баланы бірінші сыныпқа тікелей мектептің өзі қабылдайды, яғни осы жүйеге мектептің өзі кіріп, өңдейді. Бұл жерде Қазақстандағы барлық мектеп көрсетілген», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT