1 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары, балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

10.50-де елордадағы Президент паркінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес аллеясының алғашқы көшеттері отырғызылады.

13.00-де Орталық саябақта жазғы демалыс қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың жарақаттану проблемасына назар аудару және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордалық ТЖ департаменті «Қауіпсіздік балалар көзімен» атты ауқымды акция өткізеді.

АЛМАТЫ

11.00-де «Дара» қайырымдылық қоры Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейімен бірлесіп және «Gala Global Group» ЖШС-мен ынтымақтастықта


Соңғы жаңалықтар