1 мамырдан бастап депозит бойынша өтемақы зейнетақы шоттарына аударыла бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 мамырдан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» бір жыл ішінде кепілдік берілген депозиттер бойынша өтемақы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) депозит иелерінің атына ашылған жеке зейнетақы шоттарына аудара бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасы депозит иелері тізіліміндегі ақша салушының дербес деректері салымшының БЖЗҚ-дағы дербес деректеріне сәйкес келген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты бар болса, сондай-ақ, БЖЗҚ-дағы депозит иесінің міндетті зейнетақы жарналары ерікті зейнетақы жарналар есебінен зейнетақы жинақтары зейнетақы шоттарында есепке алынады. Яғни, салымшыларға БЖЗҚ-ға арнайы жүгінудің қажеті жоқ – аталған шарттар сақталған жағдайда Депозиттерге кепілдік беру қоры аударған қаржы ерікті зейнетақы жинағы есепке алу үшін автоматты түрде БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аударылады.

ЕЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына аударылған талап етілмеген кепілді өтемақы өзге де зейнетақы активтері сияқты сол тәртіппен инвестицияланады.

Бұл қаражат салымшыға инвестициялық табыс әкелмек.


Соңғы жаңалықтар