1 мамырда Қарағанды облысында қар жауады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 1 мамырда ауа температурасы төмендеп, қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 мамырда қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде батыстан екпінді жел соғады», - деді Қарағанды облыстық «Қазгидромет» РМК бөлімшесінде.

Синоптиктердің ақпараты бойынша, 1 мамыр күндіз өңірде секундына 9-14 метрлік солтүстік-батыстан жел еседі, кей жерлерде оның екпіні секундына 18 метр болуы ықтимал. Сондай-ақ, ауа температурасы күндіз 8 градус жылы, түнде 0 градус болуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар