1 қыркүйектен бастап Өскеменнің қоғамдық көліктеріне жаңа төлем жүйесі енгізілмек

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің қоғамдық көліктеріне 1 қыркүйектен бастап электронды төлем жүйесі енгізілмек. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Автобустарда, трамвайларда және микроавтобустарда жолақысын SMS, QR-код және «Oskemencard» көлік картасы арқылы төлеуге болады

Қазір қаланың барлық қоғамдық көліктері валидаторлармен, GPS-трекерлермен, борттық компьютерлермен және мобильді терминалдармен жабдықталған. Жолақысының автоматтандырылған төлем жүйесіне 9 маршруттық такси қосылған (№ 228, 229, 230, 246, 253, 255, 260, 261 және 262), 4 автобус (№12, 24, 60 және 67) және 3 трамвай бағыты (№ 1, 3 және 4). Жүйе тамыз айының соңына дейін барлық қалалық маршруттарда іске қосылады.

Жолақысын бүкіл әлемде кеңінен таралған дәстүрлі тәсіл – көлік картасы бойынша да төлеуге болады. Алдымен ол карта қаланың 34 нүктесінде сатылады, шығарылады және толтырылады. Бұл картан 500 теңге тұрады. Жеңілдігі бар көлік картасы мектеп картасы сияқты тегін берілетін болады.

Бұдан бөлек, «Oskemenbus» мобильді қосымшасы іске қосылды. Онда автобус қозғалысын қадағалауға, аялдамаға келу кестесі мен нақты уақытын тексеруге және межелі жерге дейін барудың ыңғайлы маршрутын жасауға болады. Іске қосылған бетте қосымшаны 100 мыңнан астам адам жүктеп алған.


Соңғы жаңалықтар