1 қарашадан бастап еңбек мигранттары рұқсатты ХҚО арқылы ала алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қарашадан бастап еңбек мигранттары халыққа қызмет көрсету орталықтарында рұқсат рәсімдей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігіне слітеме жасап.

ІІМ жүргізіліп жатқан жаңғырту және жүйелі реформалар аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша тиісті шаралар қабылдауда.

Барлық облыстағы қалаларда 2018-2019 жылдар аралығында Көші-қон қызметі орталықтары ашылған болатын. Сол жерде еңбек мигранттары «бір терезе» қағидасы бойынша еңбек патенттерін рәсімдеп келді.

Бұл орталықтарда көші-қон, ПД криминалистикалық қызметі, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері, сондай-ақ медициналық ұйымдар, сақтандыру компаниялары және екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері орналасқан, электронды кезектер енгізілген.

Жұмысты осылай ұйымдастыру еңбек мигранттарына рұқсат рәсімдеу мерзімін бірнеше күннен 2-3 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді және тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу бұрынғысынан да ыңғайлы бола түсті.

ІІМ азаматтардың оң пікірін ескере отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге еліміздегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы еңбек мигранттарына патент рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны жүргізуге кірісті.

Ол үшін ХҚО-ның ақпараттық жүйесі ІІМ көші-қон қызметінің жүйесімен біріктірілді. Осылайша «бір терезе» арқылы бастапқы және әзір құжаттарды берудің тәртібі оңтайландырылды.

Соның нәтижесінде ХҚО арқылы 18 мың 500-ден астам патент рәсімделіп, берілді.

1 қарашадан бастап мемлекеттік қызметті көрсетудің осындай тәсілін барлық ХҚО-да пайдалану жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар