+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

1 cәуірден бастап Атырау стансасында баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады

2020 жылғы 30 наурыз 10:37
Бөлісіңіз:
1 cәуірден бастап Атырау стансасында баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Атырау стансасына баратын және одан шығатын барлық пойыздарға билет сату, жолаушыларды отырғызу және түсіруге тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 наурыздан бастап № 692/691 «Ақтөбе-Атырау» пойызының маршруты Доссор стансасына дейін қысқарады. 1 сәуірден бастап №313/314 «Атырау-Маңғыстау» және №47/48 «Атырау-Бурабай курорты» жолаушылар пойызы, 2 сәуірден бастап №41/42 «Атырау-Шу» пойызының қозғалысы тоқтатылады.

Бұған дейін Атырауға дейін және одан шығатын пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты толықтай ала алады.

«Еске салайық, Қазақстанда 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілді және осыған байланысты жолаушылардың енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап, коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша барлық шараларды сақтауын сұраймыз», - делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT